Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Біз туралы

Біз халықаралық байланысты кеңейтуге күш жұмсаудамыз. Бүгінгі күні «Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы» ақпараттық бағдарламалық оқытуға өз үлесін қосып  ВКП, МК НГСП, IndustriALL тәуелсіз мемлекеттер достастығының салалық кәсіподақтық мекемелерімен өзара әрекеттесу үстінде. Біздің мақсатымыз еліміздің дамуын нығайту. Қазақстанның дүниежүзілік үдерістерге белсенді қатынасуы, экономиканың индустриялды дамуы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы және «Қазақстан 2050» стратегиясына орай әлемнің дамушы 30 елінің қатарына қосылуына белсене атсалысу.
 
Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: Жалпыға Ортақ Ең­бек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарлы мақаласында Үкімет пен кәсіподақтар бірлесіп жаңа заңды қабылдау қажеттігін тапсырды. «Кәсіподақтар туралы» заң­ның керек­тігін Мемлекет басшысы Кәсіп­одақтың бас кеңесінде болғанда да міндеттеген болатын. Талқыдағы бұл заң кәсіподақтар қозғалысын жетіл­діруге, уақытқа сай ізденуге, ізгілікке үйренуге айтарлықтай ықпал жасайды. Еліміздің жаңа индустрияландыру саясатына байланысты экономика әлеуетін асыратын көптеген инновациялық кәсіпорындар құрылатыны белгі­лі. Осыған байланыс­ты еңбек ұйымдарындағы әлеуметтік базаны нығайтудың қажеттігі туындайды. Ондай ауқымды іспен жіті айналысатын кәсіподақ ұйымдары болады. Жаңа заңның түпкілікті мақ­саты, тәуелсіз еліміздегі кәсіп­одақ ұйымының мәртебесін кө­тере отырып, еңбек адамы құқық­тарының бұзы­луына жол бермеу. Яғни еңбек дауларын бейбіт келісімдер арқылы шешіп, ел бірлігі мен тыныштығын сақтау ісіндегі қалыптасқан дәстүрді жетілдіре беру. Кәсіподақтың жаңа деңгейге көтеріліп, дамуы үшін оның қызметін заңдастырудың маңызы өте жоғары.
 
Қазақстан Республикасының кәсіподақтар заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының келісімімен  2014 жылдың 23-ші желтоқсаны күні «Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып Сұлтанов Диас Бауыржанұлы сайланды. 
 


 

 

ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері