Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Облыстық үшжақты комиссияның жұмыс тобы туралы ереже

Атырау облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты
комиссиясының №1 санды 23.02.2022 жылғы шешімімен БЕКІТІЛДІ
 
Атырау облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын
реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның тұрақты әрекеттегi жұмыс тобы туралы Ереже
 
1. Жалпы ережелер
1. Атырау облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты әрекеттегі үшжақты комиссия жұмыс тобының (бұдан әpi мәтін бойынша жұмыс тобы) әрекеті Қазақстан Республикасы Еңбек кодексініңнегізінде жүзеге асырылып, тараптар өкілдерінің отырысы түрінде өткiзiлeдi.
Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да актілерін және Атырау облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты әрекеттегі үшжақты комиссиясы (бұдан әpi мәтін бойынша Комиссия) жұмыс тобының Ережесін басшылыққа алады.
2. Жұмыс тобы
Комиссия шешімімен Комиссияның облыстық келісім жобалары мен шешімдерін реттеу, оның отырыстарына енгізілетін сұрақтарды әзірлеу, әpi олардың орындалуының бақылауын жүзеге асыру үшін құрылады.
Облыстық үшжақты комиссиясының тараптарына қатысушылар Жұмыс тобының әрекетіне қатысу үшін өз шешімімен тұрақты өкілдерді, сарапшыларды жібереді. Жұмыс тобы құрамындағы өкілдердің бекітілуі мен алмастырылуы тараптар мен олардың бірлестіктерінің шешімдеріне сәйкес жүргізіледі. Жұмыс тобы құрамына жіберілетіндер: облыстың атқарушы билік органдарынан, «Атырау облысы кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» Атырау облыстық филиалының өкілдері, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының өкілдері, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Атырау облыстық еңбек инспекциясы басқармасының өкілі, әрі облыс әкімдігінің мемлекеттік-құкықтық бөлімінің өкілі.
3. Жұмыс тобының ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруші мен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қамтамасыз етеді.
4. Жұмыс тобы өз әрекетін Комиссияның бектілген жұмыс жоспары мен оның қабылдаған шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
5. Жұмыс тобы мүшелерінің қарауына Комиссияның шешімдері, келісім жобалары, даулы мәселелердің, қайшылыктар хаттамаларын талқылау шығарылады, туындаған қайшылыктарды жою әрекеттерін жасау жүзеге асырылады.
6. Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары тұрақты Жұмыс тобының жетекшісі болып табылады
7. Тұрақты жұмыс тобының жетекшісін тағайындау Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығыныңбұйрығымен іске асырылады.
8. Жұмыс тобының отырыстары Жұмыс тобының жетекшісі мен үйлестірушісінің қолы қойылған хаттамалармен рәсімделеді. 
9. Жұмыс тобы:
9.1. Комиссияның қарауына шығарылатын жоспарланған және қосымша мәселелерді алдын-ала қарастыруға;
9.2. тараптар өкілдері және Комиссия келісімдері мен шешімдерінің орындалуына жауаптылардан олардың орындалуы туралы ақпаратты сұрауға, оларды негізге алып жинақ есептер мен талдамалық жазба әзірлеуге;
9.3. жұмыс берушілерден, жұмыскерлер мен атқарушы билік органдарының өкілдерінен қарауға жоспарланған мәселелер жөніндегі материалдарды сұрауға;
9.4. Жұмыс тобының отырыстарына жұмыс берушілерді, жұмыскерлер мен атқарушы билік органдарының өкілдерінен және тәуелсіз сарапшыларды шақыруға;
9.5. комиссияның үйлестірушісі мен тараптардың өкілдерімен бірге Комиссия шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
9.6. комиссияның үйлестірушісі мен тараптардың өкілдерімен бірге Комиссия шешімдерінің орындалу барысы туралы ақпаратты әзірлеп, Комиссия мүшелерінің назарына үш айда бір рет ұсынуға міндетті.
 
3. Жұмыс тобының отырыстарын өткізу тәртібі
10. Жұмыс тобының мүшелерімен комиссия жұмысы жоспарының, Комиссияның бұрын қабылдаған шешімдері, тараптардың ұсыныстары мен белгіленген тәртіпте ұсынылатын сәйкес материалдар негізінде болатын отырыс пен кезекті комиссия отырысының күн тәртіптері және шешімнің жобасы жасақталады.
Комиссияның кезектен тыс отырысына материалдарды жинақтау үшін тараптар өкілдері Комиссияның кезектен тыс отырысын әзірлеу ic-шаралары белгілейтін мерзімде жұмыс тобына түсіндірме хатын, шешім жобасын (ұсыныстар), отырысқа шақырылған адамдар тізімін ұсынады.
Комиссия отырысына қосымша мәселені шығаруға бастама жасағандар Жұмыс тобының отырысына дейін 15күннің ішінде мәселені Комиссия отырысында қарауға мақсатқа сәйкес дәлелі мен барлык қажетті материалдарды (анықтама, шешім жобасын) ұсынады.
Жұмыс тобына материалдар құжаттар пакетін жинақтау келіп түскен күн тәртібіне сәйкес Жұмыс тобының жетекші Жұмыс тобының отырысын өткізетін мерзімін отырысқа дейін 10 күннен кешіктірмей белгілейді.
11. Отырысқа 7 күн қалғанда Жұмыс тобының мүшелері және шақырылғандар отырыстың өтетін күні, уақыты және орны туралы хабарланады және отырысқа дейін 5 күннен кешіктірмей олардың мекен-жайларына қажетті материалдар жолданады.
Жұмыс тобының отырысына Комиссия құрамына кірмейтін жұмыс берушілер, жұмыскерлер мен атқарушы билік органдарының өкілдері, сонымен қатар мамандар мен басқа ұйымдар өкілдері шақырылуы мүмкін.
Жұмыс тобының отырыстары Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы немесе «Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимараттарында өткізіледі.
12. Отырыс барлық Тараптар өкілдері болғанда заңды деп танылады.
13. Отырысты Жұмыс тобының жетекшісі, ол болмаса, тараптардың бip өкілі өткізеді.
Хабарландыруға, ақпаратқа, сөз сөйлеуге берілетін уакыт отырыстың қабылданған
регламентінесәйкесбелгіленеді.
Жұмыстобыныңмүшелері мен шақырылғандарЖұмыстобыныңотырысындатөрағасөзбергендесөйлейді.
14. ЖұмыстобыныңқатысушыларыЖұмыстобынақатысуғажіберілгентараптарөкілдерінеталқылаунәтижесітуралыақпаратбepiп, тараптар мен олардыңмүддесінқорғайтынуәкілеттіоргандарыныңалдындатікелейжекежауапты.
 
Бірінші жақ:
Атырау облысы Әкімінің орынбасары
Салимжан Жұмашұлы Нақпаев
 
Екінші жақ:
«Атырау облысы кәсіподақтар Орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің
төрағасы
Сұлтанов Диас Бауыржанұлы
 
Үшінші жақ:
«Атырау облысының кәсіпкерлермен жұмыс
берушілер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Беккужиева Әлия Байжанқызы
 
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
Атырау облысы филиалының басшысы
Жәкиев Асылбек Мұхитұлы
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері