Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасын жүзеге асыру кезеңінде 200 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды - ҚР ДСӘДМ

31 қаңтар 2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2011-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бос орындарға 222,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады www.primeminister.kz  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының аясында 34,7 мың қазақстандық кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, өз істерін ұйымдастыру үшін микрокредит алды. 

Жастар практикасына 80,8 мың, мемлекет субсидиялайтын әлеуметтік жұмыс орындарына 103,1 мың адам жіберіліп, кәсіби оқыту, біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудан 122,9 мың азамат өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ҚР ДСӘДМ мамандары Мемлекет басшысының жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жандандыру жұмыстарын жүргізді. Өткен жылдың 8 желтоқсанында ҚР Үкіметі жұмыс орындарын құру мен сақтауға негізделген «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына енгізілген түзетулерді мақұлдады.

«Кәсіпорындарда жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтау мақсатында жұмыс уақытының қысқаруына байланысты еңбекақының 2/3 бөлігін уақытша субсидиялау тетіктері енгізіледі. Сонымен бірге, кәсіпорын жұмыс орнын сақтаған жағдайда, қызметкерлерді, оның ішінде жұмыс істейтін жастарды жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырумен немесе, толық мемлекет есебінен оқытуды ұйымдастыру қарастырылады», - делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан өзге, қосымша жұмыс орындарын құру үшін «ЖҚЖК 2020» аясында қолданылатын келесі құралдарды: инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру, барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалардың мүмкіндіктерін қолдану және кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие беру күшейтілетін болады.

Дереккөз: http://www.inform.kz/kaz/article/2865692


234 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері