Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Мұнай-газ салалық кәсіподағы Жолдау жүктеген міндеттерді талқыға салды.

5 февраля 2018

«Қазақстандық мұнай газ кешені салалық кәсіподағы» ҚБ үстіміздегі жылғы ақпан айының 2-3 жұлдызы күндері Атырау қаласында облыс деңгейінде орналасқан мүшелік ұйымдары арасында ҚР-сы Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан кейінгі кәсіподақ қызметін жаңғырту» атты тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинар тренингке Қазақстандық мұнай газ кешені салалық кәсіподағының төрағасы С.Қалиев, төраға орынбасары Д.Абдусаттаров, заң ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университетінің профессоры, Елбасы жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Е.Н.Нургалиева шақырылды. Семинар жұмысына Атырау облысы бойынша «Интергаз Орталық Азия» ҚБ жергілікті кәсіподағы, «Адал» мұнай газ кешені, сервистік жәні өзге де компаниялардың жергілікті кәсіподағы, «НГСК ҚазСтройсервис» АҚ-ның жергілікті кәсіподағы, «Теңізшевройл» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымы, «Нефтестройсервис ЛТД» жергілікті кәсіподағы, Атырау облысы мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы,  «ҚазМұнайГаз-Өнімдері» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның жұмысшыларының бастауыш кәсіподақ ұйымы өкілдері қатысып, дәріс алды.

Салалық кәсіподақ жаңа өнеркәсіптік жаңғыру кезеңінде кәсіподақ қызметін де заман талабына сай түбегейлі жаңа деңгейге көтеру міндетін  талқыға салды. Кәсіподақ басшылары жергілікті жердегі кәсіподақ белсенділеріне кәсіподақ қызметінен талап етіліп отырған маңызды міндеттерді түсіндірді. Тренинг барысында кәсіподақ белсенділері есеп беру-сайлау жиналысын, кәсіподақ комитеті жиналысын өткізу, келіссөздер жүргізу тәсілдерінен тәжірибелік түсініктер алды.  Семинар-тренинге қатысып дәріс алған қызметкерлерге сертификаттар табыс етілді.

Семинар барысында «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің Салалық кəсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық мүшелік ұйымдарының өкілдері Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кəсіподағының кәсіподақ белсенділерінің салалық кызметкерлеріне Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын қолдауға және  жүзеге асыруға үндеу тастады. 

 

 


65 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК