Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Еңбек нарығын тұрақтандыру шараларын қабылдау және жұмыс берушінің еңбекақы бойынша борышы мәселелерін жедел қарау жөніндегі штаб отырысы өтті

18 апреля 2018

2018 жылғы 17 сәуір күні облыстық әкімдікте Еңбек нарығын тұрақтандыру шараларын қабылдау және қызметкерлерді жаппай жұмыстан босату және жұмыс берушінің еңбекақы бойынша борышы мәселелерін жедел қарау жөніндегі штаб отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде «Watter Energy Service», «Атакент Жылыой», «Казэлектрум», «PSI services», «Индер Темір Жолы» мекемелерінің еңбекақы бойынша берешектерінің жағдайы қаралды және «Арктик Экуипмент Казахстан», «ЮСС Суппорт Сервисез», «Алма Ист Вест», «Isker-Консорциум» ЖШС-теріндегі еңбек қатынастары бойынша ұжымдық даулары талқыланды.

Мысалы, «ЮСС Суппорт Сервисез» ЖШС-і өз қызметкерлеріне 2015 жылдан бері еңбекақы мөлшерін мүлдем көтермеген. Кәсіподақ орталығының және әкімдіктің араласуымен 2017 жылы жалақыны 8 пайызға индекстеу жүргізілген, ал жұмыс беруші болса сол индекстеу мәселесін еңбек ақыны көтердік деп қате қабылдаған. Компания жұмысшыларының көпшілігі орташа 70-80 мың теңге құрайтын еңбекақы алады. Компания басшылығының дау туындаған кезде кәсіподақтармен кездесу барысында «ТШО компаниясымен келісіп еңбек ақы өсіріледі» деген сөздерін штаб отырысында ТШО компаниясының өкілдері  теріске шығарды, олар мәселемен таныс екенін, алайда ЮСС компаниясының басшылығы «мәселені өз күшімізбен шешеміз» деп оларға уәде бергенін айтты. ТШО компаниясының өкілі кәсіподақтар пікіріне қосылып, мәселені жан-жақты қарауды ұсынды. Нәтижесінде облыс әкімдігі мәселе 1 маусымға дейін шешілмесе, еңбек инспекциясына кәсіподақ орталығымен келісіп толықтай тексеру жүргізуді тапсырды.

 


36 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК