Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 25 жыл мерекесі өтті.

16 мая 2018

2018 жылдың  15 мамыры  күні Атырау  облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 3  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі  Атырау облыстық филиалы  төрағасы орынбасары Б.Базарғалиева  және  Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы   төрағасы  С.Елеманов  құттықтап қайтты.

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі  Атырау облыстық филиалының тарапынан мекеме қызметкерлеріне  кәсіподақ атынан  саяжайға бір жолдама сыйға берілді.  Қызметкерлер  облыстық Мәслихаттың және  Кәсіподақ Алғыс хаттарымен  марапатталды. Салтанатты жиналыс концерттік бағдарламамен жалғасып,  зейнеткерлерді сыйлықтармен  ұлығылаумен аяқталды.

 


34 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК