Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - Атырауда

24 августа 2018

2018 жылдың 23 тамыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласындағы жұмыс сапарында облыстың өнеркәсібі мен әлеуметтік тынысымен танысып, аймақтың экономикасы қарқынды дамып келе жатқанын және әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етілгенін айтты. Өзінің төрағалығымен өткен Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы егеменді еліміздің экономикасы дамуына Атырау халқының қосқан үлесін ерекше атап, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың жұмысына он баға берді.
Сонымен қатар, Елбасы Кәсіподақтар федерациясына қарасты Атырау облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Ізтұрған Баймұқановтың облыстағы кәсіподақ қозғалысы бойынша мәлімдемесін тындап, кәсіподақ ұйымдары қызметкерлер мен жұмыс берушінің ортасында алтын көпір болуды және тараптардың келісілгендігіне қол жеткізуді жолдарын іздестіруді тапсырды.

Атырау облысы кәсіподақ орталығының төрағасы І.Баймұқанов:
– Аса қадірлі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен – мұнайшымын, осы салада 35 жыл еңбек еттім. Мұнайлы өңір жұртшылығы Сіздің бізге деген ықыласыңызды ерекше екенін жақсы біледі.
Мұнай саласы – Қазақстан экономикасының күретамыры, локомотиві. Осы саладан екі бірдей Қазақстанның Еңбек Ері шығуының өзі сөзіміздің айқын дәлелі болса керек. Оның бірі майталман мұнайшы Ұзақбай Қарабалин болса, екіншісі – елге белгілі Руслан Қуатов. Бұл жоғары марапат тек екі адамның ғана еңбегі емес, бүкіл сала мұнайшыларына деген ілтипат деп білеміз.
Әсіресе, Сіздің инвестиция тарту саясатыңыздың арқасында Теңіз, Қашаған және басқа да кен орындарында үш жүзден астам отандық және шетелдік компаниялардың жұмысшылары еңбек етуде. Қуантарлық жағдай, өңірдегі кен орындарындағы қызметкерлердің 97 пайызы қазақстандықтар, оның ішінде шетел және отандық оқу орындарында оқып үш тілде еркін сөйлей алатын білімді де білікті қазақстандықтар, олар әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетел мамандарымен қатар терезесі тең инженерлік, басшылық лауазымдарында қызмет атқаруда. 
Облыс бойынша 700-ге жуық кəсіпорында 100-мыңнан астам жұмысшылар кәсіподақ мүшелері. Кәсіподақтар Федерациясының жаңа тынысы ашылды. Бүгінде жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы қарым-қатынас жақсара түсіп, кәсіподақтардың қызметіне жастарды тартудамыз.

Фото akorda.kz сайтынан, скриншот КТК

 

23 августа 2018 года Глава государства Нурсултан Назарбаев с рабочим визитом посетил Атырау. После ознакомления с деятельностью промышленных предприятий и социальных объектов он отметил об устойчивом развитии экономики региона и социальной стабильности. 
На прошедшем под своим председательством совещании по вопросам социально-экономического развития Атырауской области, Президент особо отметил вклад населения Атырау в экономике независимого Казахстан и дал положительную оценку работе акима области Нурлана Ногаева.
Наряду с этим, Елбасы заслушав председателя Профсоюзного центра Атырауской области о профсоюзном движении в области, поручил профсоюзным организациям быть золотой серединой между работниками и работодателями и добиваться согласованности сторон.

Председатель Профсоюзного Центра Атырауской области» Изтурган Баймуханов:
– Уважаемый Елбасы Нурсултан Абишулы! Я нефтяник, проработал в этой сфере 35 лет. Население нефтяного региона хорошо знает Ваше отношение к нам.
Нефтяная сфера является локомотивом экономики Казахстана, именно из этой сферы вышли два Героя труда Казахстана – нефтяники Узакбай Карабалин и Руслан Куатов. Данная высшая награда – это достижение не только двоих людей, мы считаем это достоянием всей нефтяной сферы.
Благодаря Вашей успешной политике по привлечению инвестиций на сегодняшний день на Тенгизском, Кашаганском и других месторождениях работают свыше 300 иностранных и казахстанских компаний. 97 % работников этих предприятий составляют казахстанцы, среди которых и обучившаяся в иностранных и отечественных учебных заведениях молодежь, которая свободно владеет тремя языками, работают инженерами и занимают руководящие должности наравне с иностранными специалистами.
В 700 учреждениях и предприятиях насчитываются более 100 тысяч профсоюзных членов. Федерация профсоюзов работает в новом формате, улучшились отношения между работниками и работодателями. В ее работе активно привлекается молодежь.

фото с сайта akorda.kz, скриншот КТК

 


186 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК