Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Атырауда Еңбек күні мерекеленді

28 сентября 2018

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ университетінің Студенттер сарайында бос жұмыс орындар жәрмеңкесімен басталған Еңбек күні Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде жалғасты - «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасымен өткен Облыстық форумда өңірдегі барлық саланың мамандары бас қосты.

Бұл мерекеге аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдениетінің дамуында ерекше қолтаңбалары бар қарапайым еңбек адамдарымен қатар, Мәдина Ғабдусалимова, Самат Қабделов, Төлеген Шажимов, Шахмұрат Қанбетов және т.б. сияқты кәсіподақ қозғалысының белсенді ардагерлері де шақырылды.

 Халқымызда «Еңбек түбі – зейнет» деген аталы сөз бар. Сондықтан еңбектің берекелі жемісін көру – әр адамның асыл мұраты.

Жиынға қатысқан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Шапкенов Серік Жамбылұлы құттықтау сөз сөйлеп, өңір экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бір топ еңбек озаттарын облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Олардың арасында «қара алтын» өндірген мұнайшы-оператордан бастап төрт түлік өсірген малшы, техника тізгіндеген жүргізуші,  адам жанын күзеткен дәрігерден бастап кіші медбикеге дейін, кітапханашы мен журналистер де бар болатын.

 «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Ұ. Баймұханов еңбек адамдарының құқығын қорғаушы кәсіподақтар қозғалысының бір топ белсенділері мен өз мамандықтарының шебері атанған кәсіподақ мүшелеріне  ҚР Кәсіподақтар Федерациясы мен бірлестіктің алғыс хаттарын табыстады.

Республикалық Ардагерлер ұйымы тағайындаған «Хиуаз Доспанова» атындағы медальге облыстық ветеринариялық-зерттеу орталығының директоры Дәулетиярова Айжан Сағатқызы ие болды.

Еңбек күні мерекесі Сұлтан Бейбарыс аланында жастар флешмобымен аяқталды.

 


54 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК