Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Еңбек адамына құрмет

1 октября 2018

  Халқымызда жақсы сөз бар « Еңбек еткен-мұратқа жеткен » деген.

        Міне, осы бағытта 2018 жылдың 28-қыркүйегінде Атырау қаласында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында « Еңбек күні » мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Бұл шараға мұрындық болған Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы және салалық кәсіподақ филиалдары. Осы тұрғыда «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалы да белсене атсалысып  бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан «нағыз еңбек адамдары» болып саналатын  кіші буын медицина қызметкерлері және көлік жүргізушілер, шаруашылық меңгерушілері, көп жылдық еңбек өтілі бар бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерін ұлғылады.

Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Шәпкенов қатынасып  « Еңбек күнімен » барлық сала жұмысшыларын құттықтап, сонымен қатар әр сала жұмысшыларына облыс әкімінің « Алғыс хатымен » марапаттады.

Сондай-ақ, салтанатты шараға қатысушы үздік қызметкерлерге де облыстық Маслихаттың « Алғыс хаты » табысталды.

Шарада Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы Ізтұрған Ұзақбайұлы Баймұхановта  барлық қызметкерлерді «Еңбек күнімен» құттықтап, өзінің жүрек жарды лебізін айтып, барлық сала қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының, облыстық кәсіподақтар орталығының « Алғыс хаттарымен » гүл шоқтарымен табыстады       

 Сонымен қатар шараға басқа да салалық кәсіподақ ұйымдары төрағалары қатынасып, өз салалары бойынша үздік деп танылған жұмыскерлерге қаржылай сый-сияпаттарын тарту етті.

 Аталмыш шараға қатынасқан үздік қызметкерлер облыстық жедел жәрдем станциясы фельдшері Қазмағанов Қайсар және №4 Атырау қалалық емханасы шаруашылық меңгерушісі Оразова Балғаным денсаулық сақтау саласында 37 жыл еңбек өтілдері болса, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері қазан жабдықтарын қарау слесары Сұлтаналиев Серік 23 жыл, тазалықшы Нұрмұханова Қамажай 19 жыл еңбек ақының аздығына,саланың жұмысының ауырлығына қарамай бір орнында тапжылмай еңбек еткен «Нағыз еңбек адамдары».  

Осындай аға-апаларымыздың жұмыс тәжірибесі кейінгі жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.   

Салтанатты шара соңы әсем ән мен биге ұласса, ал шараға қатынасқан үздіктер бой сергітіп көңілденіп тарқасты.

       

«Senim» Денсаулық сақтау  жүйесі

 жұмыскерлерінің салалық кәсіптік

одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі

АОФ   әдіскер маманы                                                                  Капанова Ж.А.

 

 

 


102 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК