Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Еңбек дауларын келісу комиссиясында шешу жолдары

31 октября 2018

2018 жылдың 31 қазан күні Кәсіподақтар үйінде ALC Attorneys Халықаралық заң компаниясының аға серіктестері Фарид Алиев және Исабаев Абдынамал келісу комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу машығын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын оқыту курсын өткізді.

Атырау облысы Кәсіподақтар орталығымен ұйымдастырылған семинарды бірлестік төрағасы І.Баймұханов ашып, еңбек шартынан туындайтын еңбек даулары соттан тыс келісім кемиссиясымен шешу маңыздылығын, келіссөздерді білікті, сауатты жүргізу еңбек дауы тараптарының арасында өзара түсінушілікті, ынтымақтастықты нығайтанын, тараптардың қайшылықтарын жеңуге әкелетін жалғыз және тиімді әдіс екенін атап өтті.

Семинар қатысушыларына келіссөздер барысында жанжалды болдырмайтын негізгі мықты қағидатты ұстану қажеттігі, ол – бір-бірінің құқықтарын мойындау, әріптестердің көзқарасын түсінгенін көрсету, жалпы көзқарасты бекіту, жалпы шешім іздеу – осындай қағидаттардың өте қарапайымдылығы мені маңыздылығы түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақ федерациясының өкілі ретінде Атырау облыстық кәсіподақтары облыс аймағындағы әр кәсіпорында қоғамдық бақылау жүргізетінін, әр кәсіподақ ұйымы қазақстандықтардың құқықтары мен денсаулығына қатысты жұмыс берушілердің әрбір іс-әрекеттері бойынша келісілу процессіне қатысу қажеттігін, жұмыс берушілермен тепе-теңдік дәрежесінде келіссөздер жүргізе алатын, жұмысшылардың құқықтарын жоғары дәрежеде қорғай алатын және қоғамда ең мықты әсері бар құралға айналуға тәлімдеме берілді.

Семинар аяқталысымен қатысушылар оқытудан өткендігі жөнінде тиісті куәліктерін алып, өз алғыстарын айтты.

 


32 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК