Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

«Жаһандану жағдайындағы Қазақстан кәсіподағы: түйіткілдері мен болашағы»

13 декабря 2018

Ағымдағы жылы 12 желтоқсанда Атырау қаласында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан кәсіподағы: түйіткілдері мен болашағы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.  Оған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Баймұханов Ізтұрған Ұзақбайұлы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кәсіподақ ұйымының төрағалары, еліміздегі жоғары оқу орындарының ғалымдары, Атырау облысының салалық кәсіподақ төрағалары, филиал төрағалары қатысты.  Конференция барысында «педагог мәртебесі туралы» жаңа заңды әзірлеу, кәсіподақтың рөлі, педагогтардың әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары  мәселелері қозғалды. Шара қатысушылары Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген барлық тармақтарды толықтай қолдай отырып,алға  қойылған міндеттерді жүзеге асыруға белсенді қатысатындарын айтты.

Атырау облысы

 


204 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК