Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

«Отбасылық шиеленістерді шешуде және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуда медиациялық технологиялар» тақырыбындағы семинар өткізілді.

24 декабря 2018

«Senim» Денсаулық сақтау  жүйесі  жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен, ағымдағы жылдың желтоқсан айының 11-ші жұлдызында  Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының мәжіліс залдында « Әйелдер зорлық - зомбылыққа қарсы » атты семинар өтті.Семинарға бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары және кәсіподақ  мүшелері түгелдей қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты « Отбасылық шиеленістерді шешуде және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуда және онымен күресе білудін жолдарымен таныстыру»

 Семинарда Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор - комиссия хатшысы -Зәмзәгүл Хиданқызы Жалмурзина қазақ айелдерінің құқықтарын қорғау тақырыбында түсінік берді.

 Атырау қалалық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бойынша дағдарыс орталығының директоры- Иманғалиева Айбаршын Тұқпатоллақызы қазақ әйелдерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп, кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен аналар үйін паналап келген әйелдерге қолдау көрсетіліп, медициналық, психологиялық көмектер сонымен қатар айелдерге семинар-тренингтер өткізілетіндігіне тоқталды. Сонымен қатар, орталықты паналайтын аналар мен балаларға барлық  әлеуметтік қолдаулар тегін екенін ерекше атап өтті.

 Семинарды арнайы шақырылған тренер-конфликтолог, «Медиация және келіссөздер  процесінің Батыс Қазақстандық орталығының» директоры-тренер Куртаева Әлия Владимирқызы жүргізді. Семинарда «Отбасылық шиеленістерді шешуде және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуда медиациялық технологиялар» процесстеріне тоқталып, отбасылық түйткілдерді шешу және онымен қалай күресе білу керек екендігі айтылды.

  Семинарда қазақ айелдерінің отбасылық енемен түсініспеушілік, күйеуімен мінез жарастыра алмау, қаржылық жетіспеушілік, пәтер мәселесі т.б. басты мәселер бойынша айтып, сонымен қатар әйелдерге өз құқықтарын қорғау жөнінде, күресе білу  керектігін терең түсіндірді.Семинарға қатынасқан төрайымдар көкейтесті өз сұрақтарын қойып,қанағаттарлық жауаптары айтылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын, төрайымдары семинардан тамаша әсер алып, жақсы көңіл күймен тарқасты.

 

Senim» Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік

одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі

АОФ   әдіскер маманы                                                                    Капанова Ж.А.

 

 


371 просмотр
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК