Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымының кезекті ХХІХ конференциясы болып өтті

1 февраля 2019

Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кезекті ХХІХ-шы конференциясы болып өтті. Конференцияда күн тәртібіне ұсынылған жоспарға сай бірлестіктің төрағасы Қ.Сүндетұлының жұмысынан есебі және кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, Бақылау-тексеру комиссиясының баяндамасы тыңдалынды. Сондай-ақ, конференцияда қоғамдық бірлестік төрағасының 5 жылға өкілеттігі танылып, Комитеттің, Бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды, Кәсіподақтың Салалық кеңес мүшелігіне жаңа канидатуралар ұсынылып және республикалық салалық ұйымның кезекті ХІV-ші съезіне делегаттар сайланды.

Мәжіліске «Атырау облысы кәсіподапқтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Ұ. Баймұханов,  облыстық білім беру басқармасының тәрбие бөлімінің меңгерушісі А.Б. Қайырлиева қатысты.

Конференция соңында кәсіподақ қызметінің бір топ белсенді мүшелеріне Салалық кеңестің Құрмет грамоталары мен гүл шоқтары тапсырылды.

 


30 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК