Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Бүгін Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысы бойынша есебін берді.

12 августа 2019

Брифингке облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің, «Қазақстан-Атырау», «Каспиан Ньюс» телеарналарының және басқа да республикалық газеттерінің журналистері қатысты.

Алғы сөзінде бірлестік төрағасы Ізтұрған Баймұханов көпшілікті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, 2019 жыл еліміздегі саяси жаналықтардан бастады – жуырда өткен Қазақстан Республикасының Президенттік сайлау науқанына Кәсіподақтар өз кандидатын ұсынып, барлық аудан, ауыл аймақ араланып, жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары айтылды.

Одан кейін ҚР КФ-ның төрағасы Бақытжан Әбдірайымның бастауымен жүргізіліп жатырған Федерацияның жұмыстары туралы ақпарат, соның ішінде кәсіподақтардың жаңғырту барысы әңгімеленді.

Брифингтің орта бөлігі сұрақ-жауап форматында жалғасты - Атырау облысы Кәсіподақтар орталығығының төрағасы Ізтұрған Баймұханов, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Атырау облыстық ұйымының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Атырау облыстық филиалы Майра Қашкенова, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Атырау облыстық филиалының Гүлнәр Шайхашева жауап берді.

Жұмысшылардың кәсіподақтар құрамында болуы, әсіресе өндірістік кәсіпорындарда кәсіподақ құру – бұл жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін бірігіп қорғауға деген мақсатын білдіреді. Әрине, жалғыздың дауысы да шаңы да шықпайды, ал еңбек ұжымы бірігіп, ортадан бір көшбасшыны сайлап кәсіпорын басшылығымен ұжымдық келіссөздер жүргізу арқылы еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған үлкен жетістіктерге шығуға мүмкіндік бар.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны аздығынан жұмыс берушілер тарапынан жұмысшыларды қудалаушылық көп болады, сондықтан кәсіподақ мүшелерінің саны неғұрлым көп болса, тиімділігі соншалықты болатыны сөзсіз.

Еңбек жанжалдарының себептерінің бірі – өмір сүру деңгейінің төмендеу, яғни ақшаның құнсыздау, жалақының өспеуі. Жыл сайын инфляция деңгейі 8-10 пайыз аралығындағы мөлшерді құрайды, ал жалақы өспейді. Кәсіподақ ұйымдары жоқ мекемелерде жұмысшылар еңбек заңнамасын білмегендіктен ереуілге шығады, ал ереуілге шығу тәртібінің 25 ережелері сақталғанда ғана ереуіл заңды болып саналады. Ал заң бұзылған жағдайда жұмыс беруші сотқа жүгініп, ереуілді заңсыз деп танып жұмысшымен еңбек шартын бұзуға құқылы.

Облыстық кәсіподақ бірлестігіне еңбекақыны арттыру үшін кәсіподағы жоқ мекемелердің де жұмысшылары келеді. Мысалы, Алтиес Петролеум 100-ден астам қызметкерлері келіп көмекке жүгінді. Біз өз тарапымыздан дереу кәсіпорын басшылығына хабарласып, Кәсіподақ үйі аланыңда бірнеше кездесу өткізіп, келіссөздер нәтижесінде сот пен құзырлы органдарға жүгінбей жалақыны өсіргізіп, еңбек жағдайларын жақсартуға ықпал жасадық. Жалпы, биылғы жарты жылдықта кәсіподақтардың бастамасымен 57 өндірістік кәсіпорын еңбекақыны көтерді.

Еңбек дауларының туындау себептерінің екінші топтамасы – бұл жұмыстан босатылу. Көбінесе жұмыс берушілер себептен-себепсіз қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 50-бабының 3-тармағының негізінде жұмыстан босатады. Босату заңды, себебі ол еңбек шартында алдын ала қарастырылып қойған, алайда әділетсіз, мысалға ЮСС Супорт Сервисез компаниясы 25-жыл бойы Теңіз кенінде еңбек еткен бірнеше жүргізушіні 3-айлық өтемақымен жұмыстан босатып жіберді. Ал Атырау қаласындағы Байзаар сауда-ойын-сауық кешенінің күзет фирмасы 1 қызметкерді ойға сыймайтын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 2,5 мың теңгелік өтемақымен жұмыстан шығарып жіберген. Ал басқа да заңсыз жұмыстан босатылған 10 жұмыскер кәсіподақтар көмегімен келісу комиссиясы немесе басшылықпен жүргізілген келіссөздер арқылы жұмысқа қайта орналасты.

Атырау облыстық сотымен бірлесе отырып Кәсіподақ үйінде Татуластыру орталығы ашылды. Осы орталықта кәсіби медиаторлар жеке еңбек дауларын қарап екі жақты риза ететін шешімдерді табуда. Жыл басынан 95-тей еңбек дауы қаралып он шешімін тапты.

Облыс бойынша кәсіподағы бар 500-ден астам ұйымда жеке еңбек дауларын қарайтын келісу комиссиялары құрылды, жыл сайын 1500-ден астам комиссия мүшелері еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу ережелеріне оқытылады.

ҚР ЕК-мен қарастырылған кәсіподақтардың құқығы – бұл кәсіпорындарда еңбек жағдайларына қоғамдық бақылау жүргізу құқы. Бұл орайда кәсіподақтар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға бағытталған шараларды іске асырып жатыр. Әр адам жұмыстан өз отбасына аман-есен оралуы – біздің басты қағидатымыз. 69 өндірістік кәсіпорындарда Өндірістік кеңестер құрылып, 125 техникалық инспекторлар қауіпсіздік бойынша арнайы оқытудан өткізіліп, кәсіпорынның қауіпсіздік қызметімен қатар өз жұмыстарын жүргізіп отыр. Айта кетерлік жәйт, біздің Өндірістік кеңестер пен техникалық инспекторларымыздың нұсқамалары жұмыс берушімен дереу орындалуға тиіс.

Кәсіподақтардың үнемі көтеретін басты мәселелері – ол лайықты еңбек жағдайлары, лайықты жалақы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу және шешу.

Біз жұмысшылардың құқықтарын қорғап, олардың әлеуметтік-еңбек мәселелерін Атырау облысының әкімдігі, Кәсіподақтар мен Кәсіпкерлер палатасының облыстық үшжақты  комиссиясы алдында үнемі көтеріп отырамыз,  кәсіпорындардан келіссөздер арқылы жұмысшылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша заң аясында  қажетті шараларды қабылдауды талап етеміз.

Алдағы уақытта қойылған мақсатымыз – бұл кәсіподақтардың қызметін жаңғыртуды жалғастыру, барлық кәсіпорындарда кәсіподақ құрып олардың азаматтық қоғамдағы рөлін күшейту.

 


459 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК