Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Үздіктер ұлықталды

13 декабря 2019

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды. Шараны филиал төрайымы Г.Шайхашева ашып, құттықтау сөз кезегін Атырау аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Баймұхановке ұсынды. Төраға сөз кезегінде аймақтағы атқарылған игі шараларға тоқталып, қатысушылардың қордаланған сұрақтарына жауап берді.

Келесі кезекте филиал төрайымы   Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхансының басшысы Ізмұханбетова Сара Салахиденқызын және  Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Садыхова Гулнара Орынғалиқызын, «Қазақстандық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық Бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісін тапсырды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі мен салалық кәсіподақтың бірлескен Құрмет Грамотасымен Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің зал қараушысы Төлешова Жаннат Мырзағалиқызын, №4 балалар кітапханасының меңгерушісі Елеусінова Жаннат Рахатқызын, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларды сақтау секторының жетекшісі Елеуова Камшат Аманкелдіқызын, облыстық мемлекеттік архивінің  бас есепшісі Өмірзақова Гүлфара Елеубайқызын, Мақат аудандық кітапхансы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ибраймова Зухра Қамзиқызын, Облыстық балалар кітапханасының кітап қорын сақтау және толықтыру бөлімінің кітапханашысы Жолмұханова Ағрыс Төлепқызын, №3 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокстан аға жаттықтырушысы Нсанбаев Айбек Бахтығалиұлын, Олимпиадалық спорт мектебінің жаттықтырушысы  Бермешев Адик Әкімжанұлын, Жылой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ербулекова Жанаргүл Таңатарқызын марапаттады.  

Мерекелік шараның құрметті қонақтары спорт шеберлері арасында Самбо күресінен әлем чемпионы ЖандосТілекбаев және Анталия қаласында кикбоксингтен өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Жандос Назарбековті жеңістерімен құттықтап, гүл шоқтары ұсынылды. Олардың құрметіне ән шырқалды.

 


67 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК