Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Еңбек құқықтары өз деңгейінде қорғалуы тиіс

3 сентября 2020

  

   Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет атынан съезд делегаттарына құттықтау сөзін арнады. Ол кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейтін кәсіпорындарда еңбек ұжымдары мен жұмыс берушілер арасында байланыс жүйесінің тиімділігін атап өтті. «Қазақстан кәсіподақтары – әлеуметтік тұрақтылық мақсатына қол жеткізу ісінде Үкіметтің сенімді серіктесі мен қатысушысы. Бұл ұйым жұмыс істейтін жерлерде еңбек ұжымдары мен жұмыс берушілер арасында тиімді байланыс жүйесі орнатылғанын білеміз. Жалақыны арттыру, еңбек және демалыс жағдайларын жақсартумен байланысты мәселелер тиімді шешіледі. Елімізде күрделі жағдай орын алғанда Кәсіподақтар федерациясы өзінің бас­ты мақсаты – жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды белсенді жүзеге асыруда, еңбеккерлерге және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына материалдық көмек көрсетеді, кеңес береді», деді Премьер-Министрдің орынбасары.

   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов өз кезегінде Кәсіподақтар федерациясының еңбеккерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.

   Халықаралық Еңбек ұйымының еңбек­керлердің қызметі жөніндегі Еуропа және Орталық Азия секторының меңге­рушісі Сергиус Гловацкас Қазақстан Кәсіп­одақтар федерациясының қызметіндегі оң өзгерістерді атап өтті әрі өз позиция­сын нығайтуға бағытталған белсенді іс-шараларын, соның ішінде ХЕҰ Кон­венцияларын ратификациялау бойынша бастамаларын жоғары бағалады.

   Кәсіподақтар федерациясының жетіс­тіктері мен кәсіподақтар бірлестігінің алдағы міндеттері туралы ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин өз сөзінде айтып өтті. ҚРКФ басшысы барлық кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелерін елімізде лайықты өмірдің жаңа әлеуметтік үлгісін әзірлеуге белсенді қатысуға шақырды. Оның айтуынша, «Кәсіптік одақтар туралы» заң бірқатар өзгертуді қажет етеді.

   XXVI съезд делегаттары еңбек­кер­­лерге, кәсіподақ  ұйымдары мен әлеу­­меттік әріптестерге Мемлекет бас­шы­­сының Жолдауында көрсетілген жаңа­ру бағыттарын қолдау туралы үндеу қа­был­дады.

   Съезде Қазақстан Республикасының кәсіподақтарының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. ҚРКФ жоғары органының қатысушылары – съезд делегаттары басым дауыспен Саты­­балды Дәулеталинді Қазақстан Кәсіп­одақтар федерациясының төрағасы лауазымына сайлады.



   Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/247427-enhbek-quqyqtary-oz-denhgeyinde-qorghaluy-tiis?fbclid=IwAR39Hp16otSSM41LX6eI3tSq30clg81C3xuL_RhnPC8aRMB8P4B9-fRlH74
© egemen.kz


23182 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК