Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Кәсіптік одақтар бірлестігінің жарғысы

«Атырау облысының Кәсіподақтар орталығы»

аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің

ЖАРҒЫСЫ

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1.    «Атырау облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі (бұдан әрі-Кәсіподақтар орталығы) кәсіподақтардың бірлестігі, коммерциялық емес ұйым болып табылады және басқа ұйымдастыру-құқықтық үлгіде құрылады. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының (бұдан әрі – Федерация) құрылымына кіреді және оның мүше ұйымы болып табылады.

Кәсіподақтар орталығы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және басқа нормативтік-құқықтық актілеріне, Федерация Жарғысына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

Кәсіподақтар орталығының толық атауы:  

Мемлекеттік тілде: «Атырау облысының кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі;

Орыс тілінде: территориальное объединение профсоюзов «Профсоюзный Центр Атырауской области»;

Қысқартылған атауы:

мемлекеттік тілде: Атырау облысының кәсіподақтар Орталығы;

Орыс тілінде: Профцентр Атырауской области.

Кәсіподақтар Орталығының орналасуы: Қазақстан Республикасы, 060007, Атырау қ., Гурьевская к-сі, 5.

 

1.2.    Кәсіподақтар Орталығы заңды тұлға болып табылады, меншік құқығында мүлкі болады, осы мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді, өзінің атынан мүліктік және жеке мүліктік құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы, сотта жауапкер және талапкер бола алады.

Кәсіподақтар Орталығының жеке балансы, банктерде ұлттық және шетелдік валютада есеп айырысу және басқа шоттары, мөрі, штампы мемлекеттік және орыс тілдерінде өзінің атауы көрсетілген бланктері болады.

Кәсіподақтар Орталығының құқыққа қабілеттілігі оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден басталады және оның таратылуы аяқталған кезде тоқтатылады.

Кәсіподақтар Орталығы өзінің қызметін Атырау облысының аумағында осы Жарғыда қарастырылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.

Кәсіподақтар Орталығы, сондай-ақ оның сәйкес филиалдары (өкілеттіктері) Федерацияның құрамына кіреді.

 

2.КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТАРЫ

 

2.1. Кәсіподақтар Орталығы Атырау облысының аумағында қызмет ететін және Федерацияның құрамына кіретін кәсіподақ ұйымдары қызметтерін біріктіру, өзара әрекет ету мен үйлестіру мақсатында құрылады және өкілді және орындаушы органдарда және жұмыс берушілердің бірлестіктері, соттар мен басқа ұйымдарда олардың құқықтары мен мүдделеріне өкілдік етеді және қорғайды.

 

2.2. Өзінің мақсаттарына жету үшін Кәсіподақтар Орталығы келесі тапсырмаларды жүзеге асырады:

- сәйкесінше, Атырау облысының аумағында әрекет етуші кәсіподақ ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

- Қазақстан Республикасының жергілікті органдары мен аумақтық жұмыс берушілердің  бірлестіктерімен аумақтық келісімді түзу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы ретінде әрекет етеді және келісім жобасын дайындау кезіндегі келіссөздерге және оның түзілуіне қатысады;

- әлеуметтік әріптестік бойынша аумақтық үш тарапты комиссияның жұмысына қатысады және аумақтық деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға ықпал етеді;

- кәсіподақтардың бастауыш ұйымдарына ұжымдық келіссөздер жүргізуде және ұжымдық шарттарды жасауда жәрдемдеседі;

- кәсіподақтардың бастауыш ұйымдарын құруға бағытталған шараларды жүзеге асырады;

- экономиканың нақты секторы ұйымдары мен кәсіпорындарында ұжымдық шарттарды жасау бойынша, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;

- ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысады, жұмыскерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудың басқа әдістерін қолданады және Атырау облысының кәсіподақ ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

- жұмыспен қамту, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау аумақтық бағдарламалар мен жоспарларын, адамның еркін дамуы мен лайықты өмірін қамтамасыз ету жағдайларын құруға және әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты басқа мәселелерге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды түзуге және қалыптастыруға қатысады; еңбек заңнамасын сақтауға қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

- заңнамаға сәйкес өкілді органдарды сайлауға қатысады;

- жергілікті өкілді және орындаушы органдарда, мемлекеттік басқаруларда, соттарда және басқа ұйымдарда кәсіподақ ұйымдарының мүдделеріне өкілдік етеді;

- кәсіподақ ұйымдарының мүшелеріне және олардың отбасылары арасында сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізуге ықпал етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік билік органдары, жұмыс берушілермен бірге санаториялық-курорттық емдеуді дамыту, балалар мен жеткіншектерді сауықтыру, туризм, демалыс, мәдениет, бұқаралық дене шынықтыру және спортты сауықтыруды дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

- кәсіподақ ұйымдарының мүшелеріне құқықтық көмекті жүзеге асырады, қоғамдық инспекторлар және еңбек инспекциялары, заң қызметтері мен кеңес беру қызметтеріне көмек береді;

- ақпараттық-насихат, мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асырады;

- өз бетінше немесе Кәсіподақтар Орталығы құрылтайшы болған ұйымдар арқылы осы Жарғыда көзделген мақсаттарға жету үшін жарғылық, кәсіпкерлік, шаруашылық және басқа қызметтерді жүзеге асырады;

- аумақтық кәсіподақ ұйымдарының, кәсіподақ ұйымдарының бастауыш ұйымдарының жұмыс тәжірибесін зерттейді және таратады;

- кәсіподақ ұйымдарының кадрлары мен активтерін оқытуға көмектеседі,

- Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Жарғыда көзделген басқа тапсырмаларды.

 

2.3. Кәсіподақтар Орталығы өзінің қызметін келесі қағидаттар бойынша құрады:

- қызметтегі дербестік, оның мүшелерінің тең құқылығы, әріптестік, диалог және ынтымақтастық;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына, Федерация қызметінің негізгі бағыттарына және Жарғыға қарама-қайшы келмейтін шешімдерді қабылдау;

- жоғарғы органның алдындағы есептілік, жауапкершілік, қызметтің ашықтығы;

- шешімдерді қабылдау және оларды жүзеге асырудағы нәтижелік, жүйелік және шапшаңдық;

- ортақ мақсаттарды жүзеге асырудағы ынтымақтастық, қолдау және өзара көмек.

Кәсіподақтар Орталығы өзінің қызметінде мемлекеттік билік, жұмыс берушілер және олардың бірлестіктері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер органдарынан тәуелсіз, оларға есеп бермейді және бақылауға жатпайды.

 

3. КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІ, ӨКІЛЕТТІЛІГІНІҢ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ

 

3.1. Кәсіподақтар орталығының жоғарғы органы болып Федерацияның Атқару комитеті табылады.

Жоғарғы органның ерекше құзіретіне жататын мәселелер:

Кәсіподақтар Орталығы қызметінің басымды бағыттарын анықтау;

Кәсіподақтар Орталығының Жарғысын бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

Құрылтайшы ретінде Кәсіподақтар Орталығының қатысуымен заңды тұлғаларды құру туралы шешімдерді қабылдау, олардың мақсаттарын, тапсырмалары мен өкілеттіктерін анықтау;

Кәсіподақтар Орталығының қызметін қаржыландыруды және бюджетті бекіту;

Кәсіподақтар Орталығының ұйымдастыру құрылымы мен штаттық санын бекіту;

Кәсіподақтар Орталығының және оның филиалдарының (өкілеттіктерінің) төрағасының лауазымдық жалақылары көлемі мен еңбекақыны және сыйақыны төлеу шарттарын анықтау;

Кәсіподақтар Орталығының филиалдарын (өкілеттіктерін) құру туралы шешімдерді қабылдау;

Кәсіподақтар Орталығының және оның құрылымдық бөлімшелерінің төрағаларын сайлау;

Кәсіподақтар Орталығы және оның филиалдарының (өкілеттіктерінің) өкілеттіктерінің төрағаларын мерзімінен бұрын қысқарту;

Кәсіподақтар Орталығы төрағасының және оның филиалдарының (өкілеттіктерінің) төрағаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарастыру;

Кәсіподақтар Орталығының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептерді бекіту;

Жоғарғы органның белгілі шешімінің тізімі бойынша Кәсіподақтар Орталығының ішкі құжаттарын бекіту;

Кәсіподақтар Орталығы төрағасының және оның филиалдарының (өкілеттіктерінің) осы Жарғыда көзделген олардың құзіреттеріндегі мәселелер бойынша шұғыл тапсырмаларды беру;

Кәсіподақ Орталығы төрағасының ақы төленетін басқа лауазымында қызмет ету сұрағын қарастыру;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғарғы органның ерекше құзіретіне жататын басқа мәселелер.

Жоғарғы орган Кәсіподақтар Орталығы төрағасының және оның филиалдарының (өкілеттіктерінің) олардың ішкі қызметтеріне қатысты заңсыз шешімдерінің күшін жоюға құқылы.

Жоғарғы орган Кәсіподақтар Орталығының қызметімен байланысты мәселелерді қабылдауға құқылы.

Жоғарғы органның құзіретіне жататын шешімдер жазбаша рәсімделеді.

 

3.2.    Кәсіподақтар орталығының жалғыз атқару органы болып Кәсіподақтар орталығының төрағасы табылады.

Кәсіподақтар Орталығының Төрағасы:

Жарғылық мақсаттарды орындайды;

Кәсіподақтар Орталығы аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, жұмыскерлерді қабылдау мен шығаруды, оларды моральдық және материалдық көтермелеу шараларын жүзеге асырады;

Жоғарғы органға есеп беруге тиісті;

Кәсіподақтар Орталығының және Үйлестіруші кеңестің жұмысына басшылық етеді;

Кәсіподақтар Орталығын жергілікті өкілдік және орындаушы билік органдарында, жұмыс берушілердің бірлестіктерінде, қоғамдық бірлестіктерде, соттарда, бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа ұйымдарда  өкілдік етеді;

қажет жағдайларда Кәсіподақтар Орталығының атынан мәлімдемелер жасайды, шағымдар мен өтініштерді жолдайды;

жергілікті атқарушы органдарында, жұмыс берушілердің бірлестіктерінде, басқа кәсіподақ білестіктері, саяси партиялары мен басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынастар туралы келісімді түзейді;

Кәсіподақтар Орталығының меншігімен және ақшалай қаржысымен Федерацияның Атқарушы комитетімен анықталған өкілеттіктер шегінде иелік етеді;

Кәсіподақтар Орталығының атынан сенімхаттар береді, өкімдер шығарады;

Жоғарғы органмен анықталған басқа функцияларды орындайды;

Кәсіподақтар Орталығының Төрағасы жоғарғы органмен сайланады.

Кәсіподақтар Орталығы Төрағасының лауазымынан босату өз бастамасымен, сондай-ақ Федерация мен Кәсіподақтар Орталығының Жарғыларына қарама-қайшы келетін әрекеттері үшін жоғарғы органның шешімімен қабылданады.

Жоғарғы органның атынан Кәсіподақтар Орталығы Төрағасымен еңбек шартына Федерацияның төрағасы қол қояды.

Кәсіподақтар Орталығының Төрағасы лауазымы бойынша  Федерация съездінің делегаты, Федерация Бас кеңесінің мүшесі болып табылады және Федерацияның Атқарушы комитетінің құрамына сайлануы мүмкін.

Кәсіподақ орталығының төрағасы, ақы төленетін басқа лауазымында қызмет етуді жоғарғы органның келісімісіз жүзеге асыра алмайды.

Кәсіподақтар Орталығының Төрағасы өкілеттіктерінің мерзімі – бес жыл.

 

3.3. ҚР кәсіподақтар Федерациясының Тексеру комиссиясының бақылау-тексеру органы болып табылады. Федерация Тексеру комиссиясының өкілеттілігі Федерация Жарғысы және Тексеру комиссиясы туралы Ережесімен анықталған.

 

4.     КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ

ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

4.1. Кәсіподақтар Орталығының құқықтары:

Федерацияның құрамына кіретін Атырау облысы кәсіподақ ұйымдарының мүдделері мен құқықтарына өкілдік етеді және қорғайды;

Федерация органдары мен жалпы федерациялық іс-шараларда өзінің мүшелік ұйымдарына өкілдік етеді;

Жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қарастыратын заң және басқа нормативтік құқықтық актілердің жобаларына Федерацияның ұсыныстарын әзірлеуге қатысады;

Бас келісімді құру және жасау бойынша Федерацияның қызметіне қатысады және ұсыныстар енгізеді;

Федерацияның органдарына кәсіподақ қызметінің жарғылық мәселелері бойынша жүгінеді және мемлекеттік органдарда сәйкес ақпарат, кеңес және көмекті, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайды;

Шет елдік және кәсіподақ ұйымдарының халықаралық бірлестіктері, Еңбектің халықаралық ұйымымен байланыстарды жүзеге асыру үшін Федерацияның органдарының көмегін алады;

Федерация қорларын құру және әртүрлі бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;

Федерацияның сайланбалы органдарына, конференциялар, съездерге қарауға құжаттардың жобаларын енгізеді;

Федерацияның мүмкіндіктерін кәсіподақ кадрлары мен активтерін оқытуға және ақпараттарды таратуға қолданады;

Федерацияның символикасын бекітілген Ережеге сәйкес қолданады.

 

4.2.Кәсіподақтар Орталығының міндеттері:

Федерация және Кәсіподақ Орталығының Жарғыларын, кәсіподақтың ішкі ережелерін сақтайды, Кәсіподақ Орталығы және Федерация органдарының шешімдерін орындайды және оны орындау үшін жауапты болады;

Федерацияның қызметін қолдайды және оның мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру үшін белсенді қатысады, Федерация ұйымдары мүшелерінің мүдделері мен құқықтарын қорғауға көмек көрсетеді;

Федерацияның, басқа мүше ұйымдардың, қызметіне залал келтіруі және кәсіподақ ұйымдарының Федерациядан, салалық кәсіподақ бірлестіктерінен, сондай-ақ аумақтық кәсіподақтар бірлестігінен бөлшектеуі мүмкін кезкелген іс-шаралардан өзін-өзі тоқтатады;

Кәсіподақ Орталығы және Федерация органдарымен бекітілген тәртіп және көлемде қаржылық есептілікті және басқа ақпаратты ұсынады;

Федерацияны Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына депутаттарды сайлауға қатысуы, саяси партиялар, қозғалыстар, сондай-ақ шетелдік кәсіподақ бірлестіктерімен келісімшарттар мен келісімдерді түзуге қатысуы туралы хабардар етеді;

Федерациямен кәсіподақ кадрларын іріктеу, орналастыру және оқыту бойынша бірыңғай кадр саясатын, кеңестерді жүргізеді, олардың резервін қалыптастырады;

Бас келісімді түзеу және орындауға ықпал етеді;             

Өңірлік келісімдер бойынша қабылданған міндеттемелерді орындайды;

Федерациямен кәсіподақтың ұжымдық іс-әрекеттерін жүргізу мен ұйымдастыруға қатысады және ықпал етеді;

Федерацияны өзінің қызметі туралы хабардар етеді.

 

5.                КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫМЕН, ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРІМЕН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ

 

5.1.Кәсіподақтар орталығының, бақылау және қадағалауға уәкілетті Қазақстан Республикасы жергілікті өкілдік және атқарушы органдарымен жұмыс берушілерімен және олардың бірлестіктерімен өзара әрекеті келесі үлгіде тапсырмаларды орындау мен оны құру мақсатына жетуге бағытталған:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық республикалық бағдарламаларын іске асыруға қатысу;

жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қарастыратын өңірдің даму жоспары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға қатысу;

ұжымдық еңбек даулары мен тартыстарын реттеуге ықпал ету, Бас және өңірлік келісімдерді әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

Федерация органдарымен қабылданған шешімдерді және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жұмыскерлерге хабардар ету және түсіндіру;

мемлекеттік және басқа мекемелерде құрылған өңірлік комиссиялар, жұмысшы топтарының, кеңес-мәжілістік және алқалы органдарының құрамына қатысу;

ұжымдық келісімшарттарда, келісімдерде, меморандумдарда және басқа бірлескен құжаттарда қабылданған міндеттемелерді орындауға көмек көрсету, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу;

жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау мен оқытуды ұйымдастыру, сауықтыру, мәдени-спорттық және басқа бұқаралық іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;

жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған басқа бірлескен іс-әрекеттер.

 

6. КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ӨҢІРЛІК ҚҰРЫЛЫДАРЫМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ

 

6.1. Кәсіподақтар Орталығы осы Жарғы шеңберінде өзінің практикалық қызметінде салалық кәсіподақтардың өңірлік құрылымдарымен тығыз бірлесіп әрекет етеді:

Федерацияның құрамына кіретін жергілікті кәсіподақтар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына ұжымдық келіссіөздерді жүргізу, ұжымдық келісімшарттар мен келісімдерді түзеу, еңбек дауларын шешуге көмектеседі;

кәсіподақтардың бастауыш ұйымдарын құруға бағытталған шараларды жүзеге асырады;

экономиканың нақты секторы ұйымдары мен кәсіпорындарында ұжымдық шарттарды жасау бойынша, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;

кәсіподақ ұйымдарына практикалық, ұйымдастыру, әдістемелік және құқықтық көмек көрсетеді;

сәйкес өңірде бірыңғай заң кеңестерін, кәсіподақ инспекцияларын құруға іс-шараларды қабылдайды, жұмыссыздарға ынтымақтастық пен көмек қорларын құруға ықпал етеді;

қала мен аудандарда өңірлік мәселелерді бірлесіп және келісіп шешу, жергілікті өкілдік және атқару органдарымен, жұмыс берушілерімен, кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ жұмыскерлерін өзара қолдау және әлеуметтік қорғау үшін күштерін біріктіру мақсатында салалық кәсіподақтар бірлестіктері мен филиалдардың өкілдерінен тұратын кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерін құруға ықпал етеді;

кәсіподақтық ықпалды күшейту және өңір мен саланың дамуының әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын іске асыру, Федерация органдарының, басқа өңірлік және жалпы федеративтік іс-шараларды орындауға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады;

кәсіподақ бірлестіктері мен кәсіподақтың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бірлескен акцияларды өткізеді.

 

6.2. Кәсіподақтар Орталығы салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдық бөлімшелері басшылар қатарынан өзінің қызметін ұйымдастыру үшін  әрі қарай Федерацияның Атқару комитетінде Үйлестіру кеңесінің құрамын бекітумен салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесін қалыптастырады.

Үйлестіру кеңесі Федерацияның Атқару комитетімен бекітілген салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесі туралы Ереженің негізінде әрекет етеді.

Үйлестіру кеңесін Кәсіподақтар Орталығының төрағасы басқарады.

 

7.КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮЛКІ

 

7.1.    Кәсіподақтар Орталығы жарғылық мақсаттарға жету үшін қажетті мүлікті сатып алуға және меншік құқығына иелік етуге құқылы.

Мүлікті қалыптастыру: 

1) Федерация түсімдерінен;

2)  Ұсынылатын қызметтің түсімдерінен (кірістерден);

3)  Қазақстан Республикасы заңдарымен тыйым салынбаған басқа түсімдерден құрылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы Жарғыға сәйкес қалыптасқан Кәсіподақтар Орталығының мүлкі оған жеке меншік құқығында тиесілі.

 

7.2.       Кәсіподақтар Орталығының қызметінен түскен кірістер жарғылық

мақсаттарға жолданады.

 

 

8.        КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ

 

8.1.    Кәсіподақтар Орталығының қаржы-шаруашылық қызметін

тексеруді Федерацияның шешімімен Федерацияның Ревизиялық комиссиясы және (немесе) аудиторлық ұйымдары жүргізуі мүмкін.

 

8.2.    Қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жүргізу үшін аудиторлық

ұйымды қатыстыратын жағдайда тексеру үшін тартылатын аудиторлық ұйым Федерацияның шешімімен анықталады.

 

9.КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

 

9.1. Осы Жарғыға толықтырулар мен өзгерістер жоғарғы орган шешімімен енгізіледі.

 

10. КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

 

10.1. Кәсіподақтар Орталығын қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жоғарғы орган шешімі негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған басқа негіздер бойынша жүргізіледі.

 

10.2. Кәсіподақтар Орталығын тарату кезінде, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан қалған мүлік егер Қазақстан Республикасы заңнамасымен басқа тәртіп қарастырылмаса жоғарғы органмен анықталған мақсаттарға жолданады.

 

11. КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФИЛИАЛДАРЫ

 

11.1.   Кәсіподақтар Орталығы, филиалдар мен өкілдіктерге ие бола алады.

Кәсіподақтар Орталығының филиалдары жоғарғы органмен бекітілген Ережелердің негізінде қызметін жүзеге асырады.

ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері