Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

2. "Атырау облыстық кәсіподақтар Орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі

19 наурыз 2015

      Құрметті әріптестер, достар «Атырау облыстық  кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар  бірлестігінің ресми сайты сіздерге сәлем  жолдайды. Кәсіподақ деген не? Және қандай  қызмет атқарады? Осы сұрақтар жөнінде қысқаша  тоқталсақ. Сіз кәсіподаққа өз құқығыңыз тапталған  жағдайда, заңгерден келіп өз сұрағыңызға жауап  таба аласыз. Және де сіздің құқығыңыз Қазақстан  Республикасының заңына сәйкес міндетті түрде  қорғалады. Олай болса, «кәсіподақ» сөзі қоғамдағы  еңбек адамының құқығының бұзылуына, еңбек  адамының өз жұмысын дұрыс деңгейде  жалғастырып, мемлекетке пайдасын тигізе алуына  қызмет жасайды.

       Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: Жалпыға Ортақ Ең­бек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарлы мақаласында Үкімет пен кәсіподақтар бірлесіп жаңа заңды қабылдау қажеттігін тапсырды. «Кәсіподақтар туралы» заң­ның керек­тігін Мемлекет басшысы Кәсіп­одақтың бас кеңесінде болғанда да міндеттеген болатын. Талқыдағы бұл заң кәсіподақтар қозғалысын жетіл­діруге, уақытқа сай ізденуге, ізгілікке үйренуге айтарлықтай ықпал жасайды. Еліміздің жаңа индустрияландыру саясатына байланысты экономика әлеуетін асыратын көптеген инновациялық кәсіпорындар құрылатыны белгі­лі. Осыған байланыс­ты еңбек ұйымдарындағы әлеуметтік базаны нығайтудың қажеттігі туындайды. Ондай ауқымды іспен жіті айналысатын кәсіподақ ұйымдары болады. Жаңа заңның түпкілікті мақ­саты, тәуелсіз еліміздегі кәсіп­одақ ұйымының мәртебесін кө­тере отырып, еңбек адамы құқық­тарының бұзы­луына жол бермеу. Яғни еңбек дауларын бейбіт келісімдер арқылы шешіп, ел бірлігі мен тыныштығын сақтау ісіндегі қалыптасқан дәстүрді жетілдіре беру. Кәсіподақтың жаңа деңгейге көтеріліп, дамуы үшін оның қызметін заңдастырудың маңызы өте жоғары.

Сіз біздің сайтқа кіріп, тек қана танысып қоймай, кәсіподақта жасалынып жатқан жұмыстарды көріп, өзіңізді мазалаған сұрақтарға тез жауап ала аласыз.

 

Құрметпен,

«Атырау облыстық кәсіподақтар

Орталығы» аумақтық кәсіподақтар

бірлестігінің төрағасы:                                           Сұлтанов Диас Бауыржанұлы


Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері