Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Қазақстан кәсіпорындарға тікелей мемлекеттік қолдау көрсетуді доғаруы ықтимал

27 қаңтар 2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіпорындарға тікелей мемлекеттік инвестициялар құюдан бас тартуы ықтимал. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаев мәлім етті.

«Біз едәуір тиімді архитектураны ұсынып отырмыз және саланы, кәсіпорындарды тікелей қолдау шараларынан бас тартуды ұсынамыз. Бюджеттің кірістері көп болған кезде, бізде жобаларға, белгілі бір салаларға мемлекеттік тікелей инвестициялар құюға мүмкіншілік болды. Қазіргі уақытта ондай бюджеттік мүмкіндіктер жоқ және ең бастысы ол тетіктердің тиімділігі аз екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта инвестициялар ақталмағандықтан, оған қарсы қисынды сын көп айтыла бастады. Менің айтып отырғаным, зауыттарға мемлекет инвестициялар салды, бірақ объективті немесе жеке себептерге байланысты олардың кейбірі жобалық қуатына да шыға алмады», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ИИМДБ басты мақсаты өңдеуші саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып отыр. Сондықтан осы бағдарлама аясында бөлінген қаражаттың 80 пайызын және барлық реттеу іс-қимылдарының 80 пайызын осы міндетке бөлу қажет.

«Бірінші кезекте бәсекеге қабілеттіліктің өрісін кеңейтуге өндірістік саясаттың базалық құралдары: кедендік-тарифтік реттеу, техникалық реттеу, несиеге қолжетімділік, салық саясаты әсер етеді», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы ҚР Индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асырудың негізгі тетіктерін өзгертуді тапсырған болатын. Бірінші кезекте ол бағдарламаның базалық шарттарын өзгертуге қатысты болып отыр.

Автор: Жасұлан Жолдыбаевhttp://www.inform.kz/kaz/article/2864502

 


211 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері