Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Қазақстандықтар шетелдегі қаржысын елге әкелмей-ақ заңдастыра алады

28 қаңтар 2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар шетелдегі қаржысын елге әкелмей-ақ заңдастыра алады. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты Тәуекелдер, талдау және статистика басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сағынаев  мәлім етті.

«Демек, сомаңызды декларацияласаңыз болғаны. Бұл ретте ақшаңыз шетелде болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда заңдастырылатын сомадан бюджетке 10 пайыз алым төленеді», - деп түсіндірді ол.

Е.Сағынаевтың атап өтуінше, өткен жылдың желтоқсан айында Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады.

Бірінші: Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген мұқтаждықтарына пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлік сатып алу және т.б. және соңында, жай ғана банк шотынан алу. Осының барлығы 10 пайыз алымды төлемей жүргізілетін болады.

Екінші тәсіл: Шетелде орналасқан немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтініш беру нысанында, банк шотында көрсетпей-ақ заңдастыруға болады. Бірақ бұл ретте бюджетке 10 пайыз алым төленеді.

Осы және басқа жағдайда да жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органына тиісті декларацияны тапсырады.

Бұған қоса, мүлікті жария ету рәсімдері де елеулі оңайландырылды. Енді Қазақстан аумағында орналасқан және тиісті түрде ресімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны және ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Осы жағдай шетелде орналасқан мүлікті жария етуге де қатысты. Яғни мемлекеттік кірістер органдары жанындағы комиссиялар - артық буындар таратылды.

Жария ету субъектісі жергілікті жерлердегі әкімдіктер жанындағы комиссияларына Қазақстан аумағында орналасқан және бұрын тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты ғана жүгінетін болады.


246 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері