Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

«ЖАС ҰСТАЗ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ»

24 октября 2019

Дәл осындай тақырыппен Атырау қалалық білім бөлімі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ Атырау қалалық комитеті филиалы жас ұстаздардың слетін өткізді. Слеттің алғашқы күні қаладағы барлық білім беру мекемелерінде еңбек етіп жүрген жас ұстаздардың «Білімдінің кілті – жастарда» атты байқауға арналған көрмесінің қорытындысы тамашаланды.

Слеттің екінші күні «Жұмыскер» мәдениет үйінде өткен салтанатты жиналысты «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ Атырау қалалық комитеті филиалының төрағасы Б.Ғ. Мусағали сөз сөйлеп ашып, жас ұстаздардың жас ұрпаққа білім беру ісіндегі және қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері туралы айтып өтті. Келесі кезекте сөз алған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы, Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Ф.Ғ. Шангереева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, «Парасат» орденінің иегері Қ.Ө. Жүсіп, жалпы білім беретін № 37 орта мектептің мұғалімі Н.Н. Сакесов жас ұстаздар бәйгесінде жеңіске жеткендерге Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

            Слет соңы ұстаздардың концертіне ұласты.

Сандуғаш ҚАПСИХОВА. 

 


34 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК