Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Балалардың жазғы демалысы

3 августа 2016
Балалардың жазғы демалысы
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Атырау қаласының, Индер, Құрманғазы, Жылыой, Махамбет, Мақат, Исатай, Қызылқоға аудандарының  білім беру ұйымдары кәсіподақ мүшелерінің 30 балалары облыстық кәсіподақ ұйымының есебінен 14 - 26 шілде аралығында  тегін жолдамамен Ақтөбе қаласының «Ақбөбек – Восток» лагерінде дем алып қайтты.
Балалардың Ақтөбе қаласына жетуі  облыстық кәсіподақ ұйымының  бір маманы мен бір медбикенің жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Демалыс кезінде балалар Ақтөбе қаласының көрікті жерлерін аралап, түрлі эстафеталық ойындарға, конкурстарға  қатынасты, бір-бірімен танысып, достасты. Тал-теректерге өрмелеп шығып, арқан бойымен жүруді, түрлі кедергілерден өтуді үйренді, табиғат аясына саяхатқа шықты.
«Ақбөбек - Восток" лагері - көпсалалы демалыс орталықтарының бірі. Әр топқа бекітілген мамандар, жас жеткіншектердің өзіндік қабілеттерін шыңдауға көмектесті. Балалар лагерьден шыңдалып, өте жақсы әсер алып қайтты. 
Лагерьде дем алып келген балалардың ата - аналары облыстық кәсіподақ ұйымына үлкен ризашылығын білдірді.

 

 


37 просмотров
Вернуться на уровень выше
Здравницы и гостиницы ФПРК