Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА

20 августа 2019

Ағымдағы жылдың 20 тамызы күні облыстық Кәсіподақтар үйінде республикалық «Жүректен жүрекке!» атты шарасы өтіп, аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі – 5, «Сенім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы – 21 балаға әртүрлі мөлшерде қаржылай сертификаттар табыс етсе, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі – 15 оқушыға мектеп формасы, оқу құралдары мен спорттық киімдерді сыйға тартты.

Сандуғаш ҚАПСИХОВА.

 


298 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК