Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Үздіктер марапатталды.

20 августа 2019

2019жылғы 19 тамызда облыстық көлемінде спорт күніне арналған шара өтті.Шараға облыс әкімі Н.Ноғаев қатысып, спортшыларға жаңа жетістіктер тіледі.

-Облыс тұрғындарының 32 пайызы спортпен белсенді айналысады. Оған барлық жағдай жасалған, жаңа спорт кешендері салынып, күрделі жөндеулер жүргізілуде - деді өңір басшысы.

Шара барысында сала ардагерлері, бапкерлер мен бірқатар спортшылар марапатталды.

«Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы»Қоғамдық Бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрайымы Г.Шайхашева өз ретінде кәсіподақ жұмысының беделін арттыру жолында жемісті еңбек етіп жүрген облыстық спорт басқармасының маманы Ж.Меңдіғариеваны, №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Раушановты, бастауыш кәсіподақ төрағалары мен төрайымдары Ж.Тлекбаев, Ө.Мажитов, Н.Көшқалиеваларды  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің бірлескен «Құрмет грамоталарын»тапсырып , филиал атынан гүл шоқтары мен beautymania сертификаттарын табыстады.

 

 


277 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК