Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Атырау кәсіподақтарының Үйлестіру кеңесі өтті

1 сентября 2019

2019 жылғы 29 тамыз күні Атырау облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Ізтұрған Баймұхановтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бірінші кезекте облыстық кәсіподақтардың назарына ҚР КФ-ның Атқару комитетінің, Бас Кеңестің шешімдері және Федерацияның төрағасы Бақытжан Әбдірайым баяндамасының мазмұны жеткізілді, соның ішінде аумақтық кәсіподақ бірлестігінің жаңа Жарғылары бекітіліп, салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру Кеңесі туралы Ереже мақұлдануы туралы әңгіме етілді.

Федерацияның кәсіподақтарды жаңғырту бойынша жол картасын жүзеге асыру қорытындысына тоқталып, барлық кәсіподақ ұйымдарының әлеуметтік-әріптестіктік жүйесін әрі қарай қалыптастыруға, кәсіпорындардағы ұжымдық-шарттық қатынастарын арттыруға, жергілікті билік, кәсіпорындар басшылары және барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдары арасында өзара байланыс жүйесінің тұрақты қызметін қамтамасыз етуге,  лайықты еңбек жағдайларымен, лайықты еңбекақымен қамтамасыз етуге, еңбекті қорғау жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру тапсырылды. «Сың түзелмей, мін түзелмейді» дегендей,  салалық кәсіподақтардың кейбір жұмыстарына ескерту айтылды. Ұйым арасында беделін төмендеткен кәсіподақ жетекшілері өз жұмыстарын қайта құрып уақыт талабына сай жаңа форматқа ауыстыруын, қабылданған ҚР КФ жаңа Жарғысы бойынша мүшелік ұйымдардың жыл сайын қаржылық-шаруашылық қызметі туралы ақпараттың жариялануын, жастар кеңесінің жұмысын жандаруын қамтамасыз ету тапсырылды. Кәсіподақтың мықты күші - бұқаралық ақпарат құралдары, сондықтан интернет, газеттер арқылы кәсіподақ мүшелері алдында барлық атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді естеріне салынды. 

Еліміз 30 дамыған  мемлекеттер қатарында болу үшін, экономикалық әл-ауқатымыз артып, тұрмысымыз түзелу үшін өндіріс кәсіпорындары тоқтаусыз жұмыс жасау қажет. Атырау облысы бойынша жыл сайын еңбек даулары бойынша кәсіподаққа 200-300 аралығында шағым түседі, соттарда 150-200 азаматтық іс, ал еңбек инспекциясына 700-800 арыз қаралады. Тенгизде 2015-2019 жылдары талай еңбек дау-даламалары болды. Еңбек дауларын алдын алу, оны уақытылы қарап шешу, жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізу – кәсіподақтар жұмысының басты бағыттарының бірі осы.

Жиынның қорытындылай келе І. Баймұханов облыстық салалық кәсіподақтарға тиісті тапсырмаларды берді.

 


1358 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК