Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

«ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ»

1 октября 2019

            Ағымдағы жылдың 1 қазан күні 6 қазан – «Ұстаздар», 10 қазан – «Кәсіподақ» күндеріне орай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүрген жас ұстаздармен «Жас келсе іске» атты кездесу өткізді. Бұл шараға аймақтың барлық аудандарының білім беру мекемелерінен 14 жас ұстаздар мен олардың тәлімгерлері және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжісінің соңғы курс студенттері қатысты.

             Кездесуде жас ұстаздар өз өмір жолдарынан сыр шертетін бейнебаяндарын көрермендерге ұсына отырып, ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы білімді жастарды көптеп тарту керектігі туралы ойға қонымды ұсыныс-тілектерін жеткізді. Салтанатты жағдайда өткен мәжілісте І.Ұ. Баймұханов, Атырау облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Г.Н. Сүйіншалиева, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжісінің оқытушысы, А.Б. Сарсекенова, «Өрлеу» АҚ БАҰҚ Атырау облысы бойынша ПҚПАИ аға оқытушысы, тренер, Н.Меңдалиева, Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектебінің директоры, Қ.Жалекеев, Исатай ауданы Абай атындағы орта мектебінің директоры, Т.Қ. Ибрашева, Махамбет ауданы О.Шонаев атындағы орта мектебінің мұғалімі және т.б. сөз сөйлеп, жас ұстаздарға жүрек жарды ыстық тілектерін білдірді.

            Кеш соңында барлық жас ұстаздарға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ Алғыс хаты мен бағалы сыйлақтары табыс етілді.

                                                                       Сандуғаш ҚАПСИХОВА, «Ұстаздық еңбек».


437 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК