Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Жыр да жазған, кен де қазған Жұмекен

15 ноября 2019

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Орталық аппаратының жоспарына сай ақын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туған күніне арналған "Жыр да жазған, кен де қазған Жұмекен" атты флеш-моб-эстафетасын  Атырау қаласы қабылдап, қорытындылады.

Шахтер болып еңбек жолын Қарағанды қаласынан бастаған ақынның шығармашылығы әдебиет сүйір оқырманына белгілі. Осы орайда Ғ.Сланов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының фоесінде ақын шығармаларынан кітап көрмесі тамашаланып, "Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы" музыкалық колледж оркестрі мен хорының орындауында "Менің Қазақстаным" Әнұраны орындалды.

Сонымен қатар, ақын ескерткішінің алдында Атырау облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Баймұханов, әр салалық кәсіподақтардың төраға, төрайымдары және қызметкерлері мен студенттердің қатысуымен ақын өлеңдері оқылып, гүл шоғы қойылды.

 


271 просмотр
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК