Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

ТОҒЖАНОВ: «КӘСІПТІК ОДАҚТАРДЫҢ ПӘРМЕНДІ ЖҰМЫСЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ АРТАДЫ»

29 ноября 2019

ҚРКФ төрағасы Ералы Тоғжановтың Алматы қаласына жұмыс сапары №3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан басталды.
 
Орталықтың еңбек ұжымымен кездесуде Ералы Тоғжанов осындай типтегі мекемелерде көрсетілетін әлеуметтік көмектің маңыздылығына тоқталды.
 
 
«Әлеуметтік қажеттіліктермен қамтамасыз ету еліміз үшін өзекті. Кәсіптік одақтар еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйым ретінде әлеуметтік сала қызметкерлері үшін мемлекеттік кепілдерді күшейту шараларын қолдайды», – деп атап өтті ҚРКФ басшысы.
 
Ералы Тоғжанов Орталық қызметкерлеріне Кәсіптік одақтар федерациясы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын арттыру мәселесін барлық деңгейде көтеріп жүргенін мәлімдеді. Әлеуметтік әріптестермен бірлескен жұмыстың нәтижесінде биылғы жылдың қазан айында Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігі Үкіметке «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулы жобасын енгізді.
 
Құжатта әлеуметтік қызметкерлерге психо-эмоционалды жүктемесі үшін 2020 жылдан бастап үстемақы қарастырылған.
 
Ералы Тоғжанов әлеуметтік қызметкерлердің жалақысына қосылатын үстемақы бойынша нақты мәліметтер келтірді:
 
• 30% — басқарушы персонал үшін;
 
• 35% — негізгі персонал үшін (әлеуметтік қызметкер — жатпайды);
 
• 40% — әлеуметтік қызметкерлер үшін;
 
• 40% — санитарлар үшін;
 
• 60% — тәрбиешілер, мейірбикелер, паллиативтік көмек палаталарының санитарлары үшін.
 
Үйде әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлер 15-тен 35%-ға дейін үстемақы алады.
 
Сондай-ақ, соңғы 3 жылда әлеуметтік қызметкерлерге төленетін үстемақы үшін бюджеттен 25,1 млрд. теңге бөлінеді.
 
Орталық қызметкерлері кәсіптік одақтардың көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.
 
«№3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкерлері әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде әлеуметтік қызметкерлердің 40 мыңнан 90 мыңға дейінгі алатын жалақы деңгейінің олар
 
атқарып отырған ауыр жұмысқа сәйкес келмеуі салдарынан білікті кадрлардың тапшылығы байқалатынын айтып өтті.
 
«Әлеуметтік қызметкерлер ерекше жандармен – мүмкіндігі шектеулі, жүйке ауруларына шалдыққан адамдармен, жалғызілікті қариялармен жұмыс жасайды. Кәсіптік одақтардың пәрменді жұмысының арқасында көп жылдар бойы қордаланған мәселе өз шешімін тапты. Жалақыны арттыру Орталыққа жұмыс істеу үшін қажетті мамандарды тартуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», – деп атап өтті ««№3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Раиса Сыпабекова.
 
Оның айтуынша, Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндіктің болмауы өзекті мәселе болып табылады.
 
Ералы Тоғжанов ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының Оқу орталығының базасында әлеуметтік қызметкерлер үшін оқу шараларын өткізу арқылы осы мәселені шешуге жәрдемдесуге дайын екендігін жеткізді.
 
Сонымен қатар, мекемеде 210 қызметкер жұмыс істейді, олардың барлығы – кәсіподақ мүшелері.
 
Бұл мекеме тұрмыстық және медициналық қызметті, ерекше күтімді қажет ететін қарттарға, сондай-ақ 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Бүгінде Орталықта 293 адам өмір сүруде, олардың ішінде ҰОС ардагерлері мен соғысқа қатысқандардың жесірлері, Ленинград блокадасының тұрғындары, Ауған соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының қатысушылары бар.
 
Мекемеде спорт залы, көркемөнерпаздар үйірмесі,кітапхана, шаштараз, мұражай бар. Сондай-ақ, «Шыңға өрлеу» еңбекпен емдеу жобасы жүзеге асырылады. Осы әлеуметтік жоба аясында Орталықта тұратындар көп балалы отбасылардың балаларына қолданбалы өнерді үйретеді.
 
 

323 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК