Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

11 декабря 2019

           2019 жылғы 10 желтоқсан күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастары реттеу жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыстық кәсіподақтар өкілдері, аудан әкімдері, мемлекеттік органдарының өкілдері, кәсіпкерлер палатасы, ТШО, НКОК компанияларының және олардың медігер кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында өңірдегі еңбек қатынастары, ұжымдық шарттар жасасу бойынша маңызды мәселелері қаралды.

Атырау облысының кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов өзінің баяндамасында  Атырау облысы бойынша кәсіподақтары бар 624 кәсіпорында 570 ұжымдық шартпен (92 пайыз) толықтай қамтылғанын атап өтті. Осындай нәтижелі көрсеткіштерге жетуіміздің себептері – кәсіподақтардың және жұмыс берушілердің сындарлы ұстанымы, түсіністігі, өзара қолайлы шешімдер қабылдауға дайындылығы.

Сонымен қатар, ұжымдық шарт жасақтау кезінде жиі кездесетін ауытқулар – ол еңбек заңнамасымен белгіленген еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу жүйелері, жұмыскерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге арналған тарифтік мөлшерлемелер мен айлықақылар, үстемеақылар мен қосымша ақылар мөлшерлері туралы ережелердің қосылмауы немесе көрсетілмеуі, бұл бағытта кәсіподақтар жұмыс берушілермен тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің баяндамасына сай, Атырау облысы көлемінде 2017 жылдан бері 33 жұмысшыға 7.4 млн. теңге жалақы берешегі бар «Water Energy Service» ЖШС-гі және «Казэлектрюм» ЖШС-гі 1 жұмысшыға 300 мың теңге, «Catering Lider Company» 70 адамға 25 млн теңге берешегі қалыптасып отыр. Ал еңбек қауіпсіздігі бойынша «Vision Zero» бағдарламасына 10 кәсіпорын қосылғанын айтты. Шетелдік жұмыс күшін тартатын компанияларда тексерістер жүргізу туралы тапсырма  негізінде 42 кәсіпорында тексеру жүргізіліп , 167 шетелдік жұмысшы өздеріне берілген рұқсатқа  сәйкес келмейтін мамандық бойынша жұмыс жасағандары және 114 шетел жұмысшысы білімдеріне сәйкес келмейтін лауазымдарда қызмет атқарып жүргендері анықталды. Сонымен қатар, тексеру барысында қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасында еңбекақы сәйкессіздігі бойынша 109 фактісі бойынша тиісті шаралар қолданылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Шәпкенов жиналысты қорытындылай әрбір жұмысшы және отандық мен шетелдік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын орындауға міндетті екенін, тараптардың құқықтары бұзылған  жағдайда әркім заң шеңберіңде жауапқа тартылатынын ескертті.


223 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК