Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Үздіктерді ұлғылау

11 декабря 2019

        « Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен,   2019 жылдың 11-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28-жылдығына орай, Атырау облыстық аурухананың мәжіліс залында салтанатты мерекелік шара өтті. Шараға «Нағыз еңбек адамдары» болып саналатын үздіктер шақырылды.  Солардың қатарында, денсаулық сақтау саласы бойынша дәрігерлер, орта буын және кіші буын медицина қызметкерлері, шаруашылық меңгерушілері, жалпы алғанда  көп жылдық еңбек өтілі бар кәсіподақ мүшелерін ұлғылады.

Шарада Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы Ізтұрған Ұзақбайұлы Баймұханов мырза барлық қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтап, Барлық сала бойынша еңбекте үздік табыстарға жеткен қызметкерлерге облыс әкімінің «Алғыс хаттарымен», «ҚР Еңбек ардагері» медалі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, «Құрмет граматоларымен», «Алғыс хаттарымен» және  «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен»  жалпы саны  62-кәсіподақ мүшелері марапатталды.

Сонымен қатар «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Хайров Ризабек Қапсихұлы Атырау облыстық балалар ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы марапатталды.

«Senim» Денсаулық  сақтау  жүйесі  жұмыскерлерінің  салалық кәсіподағы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің 25.06.2019жылғы №01-05/138 хатына сәйкес, медицина қызметкерлері кәсіподағы, яғни өздерінің негізгі жұмыстарымен қатар, ұжым мүшелерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту, қолдау көрсету тұрғысында қоғамдық жұмыстарға атсалысып белсенділік танытып жүрген кәсіподақ мүшелерін ұлғылау үшін конкурс өткізілді.

 Атқарушы комитеттің шешімімен Атырау облыстық филиалы бойынша ынталандыру сыйақы тағайындалып,сыйақы иегері ЖИТС орталығының алдын-алу бөлімінің меңгерушісі, жастар кеңесінің мүшесі Ережепов Бекетке 50000 (елу мың) теңгелік сертификат тапсырылды.

Сонымен қатар «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы ішінде көп балалы отбасылары мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларына барынша әлеуметтік қолдаулар көрсетіліп, мерекелік шарада тағыда бір топ кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік қолдау, азық-түлік кәрзеңкесінің сертификаты 12 (он екі) медицина қызметкеріне берілді. Кәсіподақ мүшелері өздеріне табысталған сертификаттармен барып азық – түлік кәрзеңкесіне ие бола алады.

Салтанатты шара соңы әсем ән мен биге ұласса, ал шараға қатынасқан үздіктер бой сергітіп,естелікке суретке түсіп, көңілденіп тарқасты.

 

 

 


350 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК