Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

ДЕПУТАТТЫҢ САПАРЫ

7 июня 2019

Жуырда Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы І.Ұ. Баймұханов Махамбет ауданының  Бақсай және Ақтоғай селолық округының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде елдегі сайлау науқаны, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы сөз болды. Тұрғындар өз кезегінде көкейлерінде жүрген мәселелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Бақсай селосының мәдениет бөлімінің директоры Қ.Сабыров ауылдық жерлерде тұрғын үй салу үшін алдын ала төлемсіз кредит беру, ауылішілік қатқыл табанды жол салу, әйелдердің тұрмыс-жәйін жеңілдету мәселелеріне тоқталса, Ақтоғай орта мектебінің кәсіподақ ұйымының жетекшісі Р.Т. Ерғазиева ауылда қатқыл табанды жолдың жоқтығы және ауыл мектебіне автокөлік алып беруге көмек сұрады.

            № 21 облыстық мәслихаттың депутаты аталған сауалдар бойынша жұмыс жасауға уәде берді.

Қылышбай ҚҰЛЖАНОВ.

 


39 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК