Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

«Еңбек заңнамасының қолдануы» тақырыптағы дөңгелек үстел

23 февраля 2018
2018 жылғы 23 ақпан күні Атырау облыстық сотында Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Көміршіновтің басшылығымен «Еңбек заңнамасының қолдануы» тақырыптағы дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге облыстық және қалалық соттарының судьялары, прокуратура қызметкерлері, облыстық кәсіподақ белсенділері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті мен облыстық әкімдіктің, ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында еңбек заңнамасын қолдану азаматтық істердә қараудық сот тәжірибесі, кәсіподақтардың жұмыскерлердің құқықтарын қорғауы және еңбек дауларын шешуге қатысуы, прокурорлардың мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің еңбек даулары бойынша істерге қатысуының ерекшеліктері, мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп саласындағы заңнама талаптарының сақталуы, еңбек инспекциясының еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуі мен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі бойынша мәселелер талқыланды.
Тақырыпқа қатысты өзекті сұрақтар қозғалып ой-пікірлер айтылды.

 

 


49 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК