Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Атыраулық кәсіподақ белсеңдісі мемлекеттік наградамен марапатталды

13 декабря 2018

Кәсіподақ тарихында алғашқы рет кәсіподақ белсеңділері мемлекеттік наградаларымен марапатталды. ҚРКФ-ның төрағасы Б.Әбдірайыммен жолдаған ұсынысы мақұлданып Елбасы Жарлығымен "Ерең еңбегі үшін" медаліне ие болған тұлғалардың  ішінде салалық кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлесін қосқан, кәсіподақ жұмысына белсенділікпен атқарып жүрген атыраулық азамат Шанқанов Кеңжеғали де бар.

Кенжеғали Шанқанов  еңбек жолын Оңтүстік Ембі тереңді барлау бұрғылау экспедициясында қарапайым жұмысшылықтан бастады. Бұрғылау жұмысының ауыр-жеңілін көріп, шеберлігін шыңдаған кәсіби маманды экспедиция басшылары да көре білді. Бұрғышы, бұрғылау шебері, аға инженер, аудандық инженерлік-технология қызметінің бастығы ретінде жауапты міндеттерді мінсіз атқарды. 1991-1994 жылдары «Жылыоймұнайгаз» кәсіподақ көмитетінің төрағасы, 2010 жылы кәсіподақ қызметіне қайта оралып бүгінгі танда "Ембімұнайғаз" АҚ-ның кәсіподақ комитетінің төрағалығында мұнай жұмысшыларының игілігіне жұмыс атқаруда.

Тәуелсіздік күні қарсанында Атырау облысы Кәсіподақтар орталығында өткен салтанатты шарада К. Шанқановна мемлекеттік марапат табыс етілді.


25 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК