Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

ҮЗДІКТЕР ҰЛҒЫЛАНДЫ

24 декабря 2018

2018 жылдың 12-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің

27-жылдығына орай, Атырау облыстық кәсіподақтар орталығының үлкен мәжіліс          залында салтанатты шара өтті.Шараға ҚР кәсіподақтар федерациясы құрамындағы барлық сала қызметкерлерін марапаттау кешіне бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары және « Нағыз еңбек адамдары» болып саналатын үздіктер шақырылды.  Солардың қатарында, денсаулық сақтау саласы бойынша үздіктері де, дәрігерлер,орта буын және кіші буын медицина қызметкерлері,шаруашылық меңгерушілері,жалпы алғанда  көп жылдық еңбек өтілі бар кәсіподақ мүшелерін ұлғылады.

Шарада Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы Ізтұрған Ұзақбайұлы Баймұханов мырза барлық қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен құттықтап, бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті-еркін мемлекеттімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі-осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы екендігін атап өтті. Барлық сала бойынша еңбекте үздік табыстарға жеткен қызметкерлерге  мемлекеттік марапаттан бастап,облыс әкімінің, облыс Маслихатының, «Нұр отан» ХДП облыстық филиалдарының « Алғыс хаттарымен», ҚР кәсіподақтар федерациясының «Құрмет граматоларымен» марапаттады.

Салтанатты шарада облыс әкімінің  « Алғыс хатымен » алғашқы болып облыстық онкологиялық диспансері директоры орынбасары, кәсіподақ ұйымының мүшесі Сапарова Эльмира Ғарифоллақызының медицина саласына қосқан еңбегі еленіп, марапатталды.

Сондай-ақ, салтанатты шараға қатысушы үздік қызметкерлерге де облыстық Маслихаттың « Алғыс хаты » Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің анестезиолог-дәрігері Каримов Жангелді Құбайдоллаұлына, «Нұр отан» партиясы облыстық филиалының алғыс хаты Индер аудандық орталық ауруханасы директоры орынбасары,кәсіподақ мүшесі Қаражанова Күлаш Қабидоллақызына табысталды.

Келесі марапат иесі №4 қалалық емхананың дәрігері,бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы  Испергенова Маржан Зиноллақызы ҚР кәсіподақтар  федерациясының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 «Senim» Денсаулық сақтау  жүйесі  жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары және мүшелері марапатталды.

 Барлық үздіктерге  «Senim» Денсаулық сақтау  жүйесі  жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы тарапынан қаржылай сыйлықтар тарту етілді.      Аталмыш шараға қатынасқан осындай аға-апаларымыздың жұмыс тәжірибесі кейінгі жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

 Салтанатты шара соңы әсем ән мен биге ұласса, ал шараға қатынасқан үздіктер бой сергітіп көңілденіп тарқасты.

 

«Senim» Денсаулық сақтау  жүйесі     жұмыскерлерінің салалық кәсіптік

одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі

АОФ   әдіскер маманы                                                                  Капанова Ж.А.

 

 


36 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК