Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған командааралық Спартакиада өтті

25 апреля 2019
2019 жылдың 24 сәуірі күні "Құрылыс комплексі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне" орай бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының арасында спорттың 5 түрінен (футбол, арқан тартыс, шахмат, теннис, кіртас көтеру) командааралық Спартакиада өтті. Қиын да жауапты еңбектерімен спортты бірге ұштастыру кәсіподақ мүшелері арасында жақсы қарқын алып келеді. Осы жарысқа да спортшыларымыз шеберліктерін шыңдап тыңғылықты дайындықпен келді. Спартакиаданың салтанатты ашылу барысында Атырау облыстық филиалының төрағасы Е.Қ. Өтеулиев сөз алып спортшыларға сәттілік тіледі. Атырау мемлекеттік университетінің спорт факультетінің аға оқытушысы, спорт шебері А.С.Аралбаевтың басшылығымен жарыс әділ де қызу, тартысты өтті. 1 орынды "СС-ЕР" ЖШС-і, 2 орынды " Атырау Су Арнасы" КМС-ы, 3 орынды "ЮСС" ЖШС-ің командасы қанжығасына байлады. Жарыс соңында жүлдегерлерге диплом мен медальдар және ақшалай сыйлықтар, ал жалпы қортынды бойынша орын алған командаларға кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
 
< /td>

 

 


74 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК