Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Еңбек құқықтары өз деңгейінде қорғалуы тиіс

3 сентября 2020

 

   Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) XXVI съезі өтті. Жиын барысында съезд делегаттары Сатыбалды Дәулеталинді ҚРКФ төрағасы лауазымына сайлады және құрылымның 2021-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясын қабылдады.

   Онлайн режімде өткен съезд жұ­мы­сына республиканың барлық салаларын қамтитын 151 делегат, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер, саяси партиялар жетекшілері, Парламент депутаттары, шетелдік кәсіподақ және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың съезд делегаттарына арнаған құттықтау сөзін Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев оқып берді. «Біз еңбекті Қазақстан қоғамының негізгі құндылығы ретінде дәріптеуіміз керек. Бұл – менің нақты ұстанымым. Бұл үшін тек атқарушы органдардың болуы жеткіліксіз екенін бәріміз түсінеміз. Сондықтан әлеуметтік серіктестік механизмі, мемлекет пен азаматтардың, үкіметтік емес сектордың екіжақты өзара әрекеттесу жүйесінің баламалары жоқ. Кәсіподақтар федерациясы – Қазақстандағы ең көп инс­титуционалдық тұрғыда дамыған қо­ғам­дық бірлестіктердің бірі. Жалпы, сая­си өмірде, экономикалық, әлеуметтік, ру­хани және мәдени бағдарламаларды жүзеге асыруда оның алар орны ерекше», делінген Президенттің құттықтау сөзінде.

   Д.Абаевтың айтуынша, 2017 жылдан бастап федерацияны басқару жүйесі айтарлықтай реформаланып, оның мүмкіндіктері кеңейтіліп, азаматтардың әлеу­меттік, экономикалық, еңбек құ­қық­тары мен мүдделерін қорғайтын кеңес құрылған. «Кәсіподақтар федерациясы еңбекке қатысты дау-дамайларды шешудің басты бастамашысына айналуы керек. Жұмысшылардың құқықтарын жүйелі түрде жүзеге асыру арқылы ғана әлеуметтік қызметкерлердің күмәні мен сенімсіздігін жоюға болады. Федерация үшін еңбек дауларын болдырмау үшін, әсіресе ірі кәсіпорындарда өзінің әлеуетін жақсарту өте маңызды. Әлеуметтік серіктестік жөніндегі екіжақты комиссия шеңберінде функцияларды нақты бө­ліп, оның орындалуын тұрақты ба­қы­лауды қамтамасыз ету қажет. Бұл Фе­де­рацияның тиісті министрліктермен және әкімдіктермен жұмысшылардың делдалдығы бойынша бірлескен жұмыс үшін өзара іс-қимылының нақты алго­ритмін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бізге барлық деңгейдегі кәсіподақтар арасындағы заманауи қолжетімді ақпа­раттық байланыс қажет. Ақпараттық кеңіс­тікте қоғаммен өзара әрекеттесудің сын­дарлы арналарын құру қажеттілігі сезіледі», деді Д.Абаев.


   Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/247427-enhbek-quqyqtary-oz-denhgeyinde-qorghaluy-tiis?fbclid=IwAR39Hp16otSSM41LX6eI3tSq30clg81C3xuL_RhnPC8aRMB8P4B9-fRlH74
© egemen.kz


21862 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК