Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

САЙЛАУ АЛДЫ ҮГІТ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

13 мая 2019

Баршаға мәлім, кеше Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны ресми түрде басталды. Міне, осыған орай Атырау облыстық Кәсіподақтар үйінде ҚР Президенттігіне үміткер А.С. Таспиховтың жақтастары басқосқан жиналыс өтті. Мәжілісті кандидаттың аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі, Атырау облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Ұ. Баймұханов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Кәсіподақ төрағасы елде өткелі отырған саяси науқанның маңыздылығына тоқтала келіп, сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын өткізудің ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ, мәжілісте Қазақстандық  мұнай-газ салалық кәсіподағының төрағасы Т.Б. Қабдолов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы және т.б. сөз сөйледі. Жиналыста белсенділер тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, алдағы атқарылар шаралар кеңінен талқыланды.

            ҚР Президенттігіне үміткер А.С. Таспиховтың аймақтық сайлауалды штабының баспасөз орталығы.

 


26 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК