Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Біздің таңдауымыз – кәсіподақ көшбасшысы.

31 мая 2019

Ағымдағы жылдың 31 мамырында ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың өмірбаяны мен сайлауалды Тұғырнамасының Тезистерімен таныстыру мақсатында, үміткердің сенімді өкілдері «Қазақстандық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы Г.Шайхашева және «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы Ж.Есімова Қызылқоға ауданына барды.

Кездесулер Сағыз стансасындағы «Шұғыла» мәдениет үйінде, Миялы селосындағы Аудандық орталық кітапханасында, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, Ветеренарлық стансасында, Қөздіғара және Қосқұлақ елді мекендерінде орналасқан мәдениет үйлерінде өтті.

 Кездесу барысында А.Таспиховтың бағдарламасындағы Жұмысберушілердің жауапкершілігін арттыру, бюджеттік сала қызметкерлеріне лайықты еңбекақы төлеу,өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру, жұмысшылардың еңбек құқығын қамтамасыздандыру, еңбек миграциясын реттеу, Қазақстандықтарды жұмыспен қамту, қолжетімді баспанамен қамту т.б. тезистермен таныстырылды.

 Сол елді мекендердегі Ардагерлер кеңесінің төрағалары Карим Мақсот, Бектұрлы Төрәлі, қоғамдық жастар жанашыры  А.Өскенбаев, кітапханашы Р.Әділханова, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бсатауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Тілекбаев пен Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Жексенбаевалар сөз алып, А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнама тезистерінің еңбек адамының көңіліне қонатының, сенімді өкілдерге ризашылығын білдіріп, өз таңдауларын жасағанын айтты.

«Қазақстандық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы Г.Шайхашева

 


45 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК