Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Жастарға – лайықты жұмыс

22 июля 2019

Газет мақаласы "Айқын" газеті №112 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында биылғы жыл Елбасының бастамасымен «Жастар жылы» деп жарияланғанын тағы бір еске салып, олармен қоғамдық-идеологиялық жұмыс жүргізу өте маңызды міндет екенін атап өтті. Президент жастардың еңбек құқығын қорғау мәселелеріне де ерекше көңіл бөлу қажетін айтты. Осы ретте кәсіподақ ұйымдарын мазалап отырған ең маңызды мәселе – жастардың лайықты жұмыс табуы. Жасыратыны жоқ, елімізде екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастар көп. Олар бір емес, бірнеше жыл бойы жұмыс іздеумен жүреді. Мұның өзі жастардың қаржылық жағдайын ғана емес, кәсіби дағдыларын сақтау мен жеке тұлға ретінде қалыптасуына да кері әсерін тигізеді. Осыдан келіп еліміздің еңбек нарығы қалыпты бола қоймайды. Сондықтан жастарды еңбекке араластырудың жаңа механизмдерін қарастыру қажет. Жақында ғана Шығыс Қазақстан облысында жас кәсіподақ белсенділері қатысқан форум болды. Олар талқылаған маңызды мәселенің бірі – жастарды жұмысқа орналастыру. Форумға қатысушылар оқу орнын енді бітірген жас мамандардың еңбек тәжірибесі жоқ болғандықтан, жұмыс берушілер жұмысқа қабылдауға құлықты болмайтынын айтып отыр. Жастарға лайықты көңіл бөлу үшін жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру механизмін жасап, оны заңды түрде бекіту керек. Осындай ұсыныс жасаймын. Сонда ғана жұмыс берушілердің назары жас мамандар мен жұмысшыларға ауады. Еңбек нарығындағы жағдай жақсарып, жастардың жұмысқа орналасуы тиімді шешіле бастайды. Қазақстанның қазіргі Үкіметі еңбек нарығындағы маңызды мәселелерді шешуге, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға, адами және әлеуметтік капиталды арттыруға, Президенттің инновациялық жаңғырту саясатын жүзеге асыру мен әлеуметтік-еңбек саласында белсенді бағыт ұстайды деген сенім бар. Елбасы Жастар жылын ашуға арналған салтанатты жиында жас мамандар мен жұмысшылар қай салада болсын қажет екенін айтқан болатын. Ол рас. Біз жастардың ортасында жиі боламыз. Пікірлесеміз. Ұсыныстарын тыңдаймыз. Кәсіподақта «Келешек» жастар қанаты бар. Олар да өз қатарластарының мәселелерін терең зерделеуге тырысады. Ең бастысы – мектеп бітірген жастарға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берген жөн. Олар кәсіп таңдауда қателеспеуі тиіс. Өйткені келешекте еліміздің еңбек нарығындағы жағдайдың жақсы болуы мен экономиканың дамуы қазіргі жастарға байланысты. Сондықтан олардың уақыт талап етіп отырған мамандық иесі атанып, лайықты жұмысқа орналасуына бүгіннен бастап қам-қарекет жасаған жөн. Жас жұмысшылар мен мамандарға жұмысқа орналасқанда барынша қолдау көрсету керек. Олар кедергілерге тап болмауы тиіс. Еңбек қатынастарына қатысты барлық жағдай жасалғаны жөн. Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірінде түбірлі өзгерістер жүзеге аса бастады. Оның бел ортасында жастар жүр. Бұл Қазақстанда демократияландыру процестерінің кең қанат жайғанын аңғартады. Осындай оң өзгерістер кәсіподақ қызметін де одан ары жаңғырту мен жетілдіруге ерекше серпін беретіні сөзсіз.   Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ, Қазақстан Республикасы  Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
 
Толығырақ: https://aikyn.kz/society/leumit-/5187-gastargha/?sphrase_id=1087974
Материалды көшіріп басқанда Aikyn.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

582 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК