21 августа 2019
2019 жылғы 20 тамызда «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігі Атырау облыстық филиалының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Кеңес және Атқару комитеті құрамына қосымша өзгерістер еңгізілді.
Саланың кәсіподақ белсенділері ағымдағы жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысында өткен «Жастар – Қазақстан дамуының флагманы» атты жастар Форумының жұмысы, онда қабылданған үндеу мазмұнымен танысты.
Сонымен қатар, филиал төрайымы Г.Шайхашева алда атқарылатын іс-шаралармен таныстырып, қатысушылардың жұмыстарына қатысты сұрақтары мен өзекті проблемаларын шешу жолдарын түсіндірді.