Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Әлеуметтік әріптестермен кездесу.

9 сентября 2019

Атырау облысына іс-сапармен келген "Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы" Қоғамдық Бірлестігінің төраймы С.Иманқұлова және Атырау облыстық филиалының төраймы Г.Шайхашева әлеуметтік әріптестер, Облыстық спорт және денешынықтыру басқарма басшысы Р.Ибрагимовпен және қалалық спорт бөлімінің басшысы Н.Ахмедьяровпен кездесті.Кездесудің жалғасы Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхасының басшысы С.Ізмұхамбетова және оның ұжымымен өтті. Бұл бас қосу барысында сала қызметкерлері зор ризашылықпен қабылдаған саладығы жылдар бойы қордаланған кейбір мәселелерді шешу бағытын айқындайтын құжат- Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауы туралы ой қозғалды. Сонымен қатар, 1олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Р.Шариповпен кездесіп, саладығы жетістіктер мен өзекті мәселелерге тоқталды. Келесі кезекте Ө.Жанбала басшылық жасап отырған Ұлттық спорт клубына бас сұғып, ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген мамандармен кездесіп, облысымда ағымдағы жылдың 5 қазанында өтетін "Дарабоз" сайысына дайындықтарына куә болдық.

 


492 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК