Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

ТӨРАҒАНЫҢ І ОРЫНБАСАРЫ АТЫРАУҒА КЕЛДІ

10 сентября 2019

       Бүгін ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының І орынбасары Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Атырауға іс-сапармен келді. Облыстық әкімшіліктегі аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаевпен болған алғашқы кездесуде өңірде жүзеге асырылып жатқан экономикалық-әлеуметтік даму жоспарларымен қысқаша танысты.

         Бұдан кейінгі кездесулер Атырау бекіре-балық өсіру зауыты РМК мен Алмалы құс өсіру фабрикасында жалғасты. Ұжым мүшелерімен болған жүздесуде Н.Қ. Әбдібеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог -  Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы әр салаға қатысты маңызды міндеттерге қысқаша тоқталды. Соның ішінде, ауыл шаруашылығы саласын кешенді дамытып, өркендетуге көңіл бөлінгендігін атап көрсетті. Кездесуде сөз алған мекеме басшылары Р.М. Халидуллин, М.Ж. Нақпаев, салалық кәсіподақ ұйымының жетекшісі Ж.Н. Есимова өндірісті ұйымдастыруда мемлекет тарапынан болып жатырған қолдауларға тоқталып, кейбір ұсыныс-тілектерін жеткізді.

 


421 просмотр
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК