Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Еңбек ұжымымен кездесу

11 сентября 2019

Ағымдағы жылдың 10-шы қыркүйегінде мәдениет салалық кәсіподағының төрайымы Г.Шайхашева Атырау облыстық мемлекеттік архивінің ұжымымен кездесті.Бұл кездесуге Аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы І.Баймұханов та қатысты. Күн тәртібінде облыстық архив филиалдары қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына мүшелікке кіру мәселесі қаралды. Кездесу барысында І.Баймұханов еңбек қатынастарын реттейтін құжат- Ұжымдық шарт, оның орындалуын бақылау, еңбек қатынастарын реттеу, жеке және ұжымдық еңбек дауларын тез арада сотқа дейін қарау, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау т.б. мәселелер бойынша ақпарат берді. Салалық кәсіподақ төрайымы Г.Шайхашева өз кезегінде архив қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және олардың денсаулығын қорғау, жұмысберуші тарапынан қарастырылатын кепілдіктер, жеңілдіктердің және басқа төлемдердің берілуін қамтамасыз ету жұмыстарына тоқталып өтті. Салалық кәсіподақтың атқарған қызметімен, жетістіктерімен таныстырды. Қалалық, аудандық филиал басшылары өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына қанағаттандырарлық жауап алып, барлығы кәсіподақ ұйымына мүшелікке өтетінін хабарлады. Кәсіподақ ұйымдарының санын көбейту мақсатында бұндай кездесулерді ұйымдастыру, бүгінгі күннің күн тәртібіндегі басты мәселеге айналуда.

 

 


14 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК