Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

«ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП»

23 сентября 2019

Ұстаз ұғымы – ұлттың ұстыны мен ұжданы. Тіпті, мұғалімдерді мемлекеттің жүрегі десек те жарасар. Олай дейтін себебіміз, елдің ертеңі мен еркіндігі саналатын келешек ұл-қыздарға алғаш әріп танытып, адам бойында болатын кісілік қасиетке кілт табатын да осы –  ұстаздар.

 Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні С.Көшекбаев  атындағы аудандық мәдениет үйінде Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары аудандық комитетінің ұйымдастыруымен білім беру саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен ардагер ұстаздарды марапаттау салтанаты өтті. Жиында Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Талапұлы Нұртаев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, аудандық ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы Нұрлығайын Нұғыманов, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева, ардагер ұстаз Жұмақай Ғұмаров және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары аудандық комитетінің төрағасы Әуез Ізжанов мерекеге орай ақжарма тілегін ақтарып, залдан орын алған қонақтарға бірқатар марапаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Құрметтеу салтанатында барлығы 60-тан  астам білім саласының ардагерлері ұлығыланып, бір-бірін құттықтап, мәре-сәре күй кешті.

Шарада С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен аудан мектептері оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды. 

 Айнагүл ШАКУПОВА,                                                                                                                  

Құрманғазы ауданы,                                                                                                                  

Атырау облысы.

 


512 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК