Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ»

27 ноября 2019

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.

25 қараша - 1999 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы жариялаған Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. БҰҰ мәліметтері бойынша әйелдердің 70 пайызға жуығы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді, әлемдегі әйелдер мен қыздардың 35 пайызы өмір бойы физикалық немесе сексуалдық зорлық-зомбылықтың кез-келген түрін бастан кешеді. БҰҰ үкіметтерді, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамның назарын осы проблемаға аударуға бағытталған іс-шаралар өткізуге шақырды.

Сонымен қатар, осы жылдың маусым айында Халықаралық еңбек конференциясының делегаттары кәсіподақтарға гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықпен одан әрі күресудің ерекше мүмкіндігін беретін жаңа № 190 Конвенцияны қабылдады. Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы Конвенциясы

 № 190 Конвенцияға сәйкес, кәсіподақтар еңбек әлеміндегі зорлық-зомбылық пен қысымшылықпен күресуде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық әйелдер күніне қатысты зорлық-зомбылықты жою және № 190 Конвенцияның қағидаттарын насихаттау аясында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт,туризм және ақпарат  қызметкерлерінің кәсіподағы Атырау облыстық филиалы осы күнге арналған №1 және №2 қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесу ұйымдастырды. Болашақта әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтан азат болуды көздейтін  қозғалысымен ынтымақтастық белгісі ретінде, қатысушылар                     білектеріне қызыл күлгін ленталар мен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» ұрандарын ұстап отырды.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт,туризм және ақпарат  қызметкерлерінің кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Г.Шайхашева

 

 


365 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК