27 қараша күні «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2018-2019 жылдарға бекітілген жоспарға сәйкес, «Еңбек қорғаудағы алдын - алу мәдениетін бірге арттырамыз» атты республикалық акциясы аясында «Еңбекті қорғау саласында кәсіподақ мүшелеріне олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін әдістемелік және құқықтық көмек көрсету» мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының бөлім басшысы С.Джабасов,мемлекеттік еңбек инспекторы М.Байменов және бастауыш кәсіподақ ұйымының төраға/төрайымдары қатысты.
Шара барысында Атырау облысы салалық кәсіподақ филиал төрағасының орынбасары Г.Хамидуллина филиалмен а.ж. 11-айына атқарылған іс-шаралары туралы баяндама жасады.
Қатысушыларға мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы мамандарымен еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсінік беріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.