Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Мәдениет қызметкерлері марапатталды.

10 января 2020

Бүгін, 2020 жылғы 10 қантарда салалық кәсіподақ төрайымы Г.Шайхашева Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония ұжымының жалпы жиналысына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жиналысты ашқан мекеме басшысының міндетін атқарушы Х.Сүйекбаев бірінші кезекте жаңадан құрылған Көркемдік кеңес мүшелерімен ұжымды таныстырып, алда атқарылатын іс-шараларды атап өтті. Келесі кезекте салалық кәсіподақ төрайымы Г.Шайхашева сөз алып, ұжым мүшелерін жаңа жылмен құттықтады.Еңбектеріне толағай табыс тілеп, ұжымдық шарттың мазмұнына талдау жасай келе, ондағы Жұмысберуші мен Жұмыскердің міндеттеріне тоқталып, кәсіподақтың атқаратын қызметін атап өтті. Өнер ұжымдарының мүшелерін кәсіподақпен қоян-қолтық жұмыс жасауға, өзекті мәселелердің шешімдерін бірлесе іздесіруге шақырды. Әлеуметтік әріптестер ретінде облыстық кәсіподақтың ұйымдастырып жүрген концерттерінің жоғары кәсіби деңгейде өтуіне мұрындық болып жүрген филармония әртістеріне шексіз алғысын білдірді. Сөз соңында мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұзақ жылғы белсенді жетекшісі- төрағасы, дәстүрлі әнші Манарбек Даулетовке "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісін тапсырды. Осы басқосу барысында осы атаулы төсбелгіге ие болған айтыскер ақын Саадат Нұрмановты құттықтады.

 


384 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК