Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова Исатай ауданында болып, жеке қабылдау өткізді.

14 января 2020

Қамысқалалық Байбек Сапаров 20 жастағы 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі баласына емделу үшін дәрігерден квотаға көмек сұрай келген. Ересек болса да ауру болған соң баласының қасынан анасы қыл елі қалмайды. Өзі вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Ай бойы далада жүретін Байбек жолдасының жанында жәрдемдесетін адам болғанын қалайды. Баланың ішетін дәрісін тегін алғанымен, сол дәрі-дәрмектер уақытында келмей, сатып алатын кездері де бар екен. Өзінің еңбекақысы жоғары болғанына қарамай, жалғыз ұлының қасында болып, жарына көмектескісі келетінін айтқан ол, аудан маңынан жұмыстың реті табылса, соған ауысуға мүмкіндік болса деген өтінішін айтты. Аудандық аурухана басшысының міндетін атқарушы Н.Кабулова керекті дәрінің түстен кейін келетінін, квота мәселесінің де шешілетінін жеткізді. Ал, жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Жұмалиева азамат жұмыссыз есебіне тіркелген болса ғана, сұранысқа қарай қызмет ұсына алатынын айтты. Депутат Б.Хаменова осы мәселе жөнінде мамандарға, тиісті басшыларға хабарласуын тапсырды. Мәселеге алаңдаушылық білдірген облыстық мәслихаттың депутаты Ізтұрған Баймұханов сол жерден түйіндемесін алып, жергілікті компанияларға өтініш жасайтынын айтты. Мәселенің аяқсыз қалмайтыны анық болды.

 

Баласы үшін шырқыраған әке мен ананың жайына бей-жай қарамауды ауыл әкіміне де тапсырды депутат.

 

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Нарын таңы


255 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК