Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Абай әлеміне саяхат

11 февраля 2020

2019 жылғы 30 мамырда  2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын  мемлекеттік деңгейде мерекелеу туралы  Президент Жарлығы шықты.

Абайдың мерейтойын атап өту – Абай мұрасын дәріптеу, тану. Атыраулықтар осы мақсатта Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің мәдени-спорттық кешенінде ұйымдастырылған тағлымды шараның куәсі болды.

Махамбет Өтемісұлы атындағы Академиялық драмалық театрдың  әртістерінің орындауындағы көріністер  көрерменді бала Абайдың, дана Абайдың өмір жолына барып қайтқандай әсерге бөледі. Шараның өту барысында орындалған Абай әндері мен өлеңдерін өңірімізге танымал әңшілер, Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрі және жас өнерпаздар орындады.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана мамандарының  «Абай дана, Абай дара қазақта» тақырыбында ұйымдастырған иллюстративті кітап көрмесінде ақын шығармалары көрініс тапты.

Шараға облыс әкімі М.Досмұхамбетов, қаламгер М.Құлкенов, ақын С.Нұржан, ақын А.Бақтыгереева,облыс  ардагерлері, кәсіподақ саласының мамандары  қатысты.

Г.Шайхашева  11.02.2020 жыл.

 


224 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК