Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Қайырымдылық шара

23 сентября 2016

                  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық  бірлестігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен ұйымдастырылып отырған облыстық «Мектепке жол – 16» қайырымдылық акция аясында қайырымдылық шарасын өткізді.

                Соған сәйкес  көпбалалы (6 баласы бар) аз қамтылған Еркебаева Гүлдана отбасының мектеп жасындағы 4 баласын сыртқы киім, аяқ киім, спорттық киімдермен  қамтамасыз етті.

                Ұйым төрағасы Қ.Қайненов балаларға алынған киімдерді  табыс етті.

                Отбасы иесі Еркебаева Гүлдана және балалары облыстық кәсіподақ ұйымына үлкен ризашылығын білдірді.

 


59 просмотров
Вернуться на уровень выше
Здравницы и гостиницы ФПРК